«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АО, 2004 жылдың 9 қарашасында берілген), мекенжайы: Алматы қ., Желтоксан көшесі 168 «Б», 2008 жылдың 25 ақпанында «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешімге сәйкес, Сізді Банктің акционерлерінің жыл сайынғы Жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс 2008 жылдың 28 наурызында сағат 10:00-де Алматы қаласы, Достық даңғылы 38 мекенжайында орналасқан «Кен Дала» бизнес-орталығының ғимаратында өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 09:00-де басталады.
Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысу құқығына ие акционерлердің тізімі 2008 жылдың 24 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылады.
1. 2007 жылдың 25 мамырында «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жыл сайынғы Жалпы жиналысында қабылданған «Қоғамның және банктік конгломераттың аудиторлық ұйымын анықтау» күн тәртібінің мәселесі бойынша шешімге өзгерістер енгізу.
2. 2007 жылдың қорытындылары бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жылдық қаржылық есебін бекіту.
3. 2007 жылдың қорытындылары бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу шешімін қабылдау және бір қарапайым акцияға есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.
4. Акционерлердің «Нұрбанк» АҚ-ның, оның қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты өтініштері және олардың қарау нәтижелері туралы.
5. «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамына қатысты.
6. Директорлар кеңесі туралы Ережені бекіту. Алғашқы жиналыста кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталау жалпы жиналысы 2008 жылдың 31 наурызында жоғарыда аталған мекенжайда сол уақытында өтеді. Жалпы жиналысты өткізу және күн тәртібінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу үшін «Нұрбанк» АҚ кеңсесіне үндеу жасау қажет, мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғылы 38, «Кен Дала» бизнес-орталығының ғимараты, тел: 2500-000.