Касенов Канат Маратович - Басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Касенов Канат Маратович

Касенов Канат Маратович

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Білімі

  • 1986–1994 жж. – Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, физика мамандығы.

Еңбек жолы

  • 1994 жылы «АЛМАС АВТО ИНВЕСТ» инвестициялық-жекешелендіру қорында еңбек жолын бастап, маманнан қаржы-инвестициялық бөлімінің бастығына дейінгі қызметтерді атқарды.

  • 1995–1996 жж. – Орталық Азия қор биржасының клиринг бөлімінің маманы, қаржы-қор операциялары орталығының және Қазақстан қор биржасының мамандандырылған тіркеушісі «Элей» ЖШС бөлімшесінің басшысы.

  • 1997–1999 жж. – Швейцарияның Union Bank of Switzerland (UBS) банкінің Қазақстандағы кеңесшісінің көмекшісі. Капитал нарықтары, құрылымдық және экспорттық қаржыландыру, активтерді басқару салаларындағы жобалармен айналысты.

  • 1999–2001 жж. – «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ-да Маркетинг департаменті директорының орынбасары, Банктік тәуекелдер басқармасының бастығы, Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі № 2 департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

  • 2001–2005 жж. – «Алматы Пауэр Консолидэйтед» ЖАҚ-ның қаржы директоры, қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары.

  • 2005 ж. – «Каспий нефть» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

  • 2005–2006 жж. – «БанкТуранАлем» АҚ Инвестициялық жобалар басқармасының сектор меңгерушісі.

  • 2008–2009 жж. – «North Caspian Petroleum» АҚ Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары.

  • 2011–2012 жж. – «Нұрбанк» АҚ кеңесшісі.

  • 2012–2026 жж. – «Нұрбанк» АҚ басқарушы директоры. 2020 жылға дейін Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментіне жетекшілік етті, ал 2020 жылдан бастап «Нұрбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Нұр Лизинг» лизингтік компаниясы» ЖШС қызметін үйлестірді.

  • 2026 жылғы 23 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Нұрбанк» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі. Банктің еншілес ұйымы – «Нұр Лизинг» лизингтік компаниясы» ЖШС қызметін үйлестіреді.