Білімі
1994 – 1999 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс
2000 – 2002 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Халықаралық экономика
2005-2007 жж. - «Әулие-Ата» Университеті, Құқықтану
Жұмыс тәжірибесі
Банк саласындағы мансабын 1999 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚҚДБ) несие сарапшысы лауазымынан бастады. Келесі жылдары «БТА Банк» АҚ-да бөлшек несиелеу бөлімінің маманынан бастап меңгерушісіне дейін және аймақтық филиал директорының бөлшек бизнес бойынша орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2008 - 2009 жж. - Тараз қаласындағы «Нұрбанк» АҚ филиалының директоры
2009 - 2022 жж. – «Нұрбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы «Нұр Лизинг» лизингтік компаниясы ЖШС директоры
2022 жылғы 17 ақпанда корпоративті блок пен ШОБ блоктарының қызметін қадағалайтын басқарма мүшесі - Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.