Банк қызметтерін көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу

Банк қызметтерін көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу

Құрметті төлем карталарын ұстаушылар!

«Нұрбанк» АҚ Сізді «Нұрбанк» АҚ Басқармасының (2015 жылғы 18 мамырдағы №37 Хаттама) бекіткен банк қызметтерін көрсету туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеді. Бұл өзгерістер «Нұрбанк» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №102 хаттамасымен бекітілген өзгертулер №1 ескеріле отырып енгізілген.

Шартқа енгізілген №1 өзгерістер мәтіні төменде берілген файлда орналастырылған. Өзгерістер 2015 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Шарттың талаптарына сәйкес, енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Шартты орындаудан бас тарту құқығыңыз бар екенін ескертеміз. Ол үшін Шартта көрсетілген тәртіппен Банкке жазбаша хабарлама беруіңіз қажет.

Осындай хабарлама бермеуіңіз Банктің сайтында орналастырылған Шарттың жаңа редакциясымен келіскеніңізді және енгізілген өзгерістер/толықтырулармен толық құптағаныңызды білдіреді.

 Банк қызметтерін көрсету туралы шарт (жүктеу .pdf, 545 КБ)

 Банк қызметтерін көрсету туралы шарттың типтік формасына енгізілген №1 өзгерістер (жүктеу .pdf, 426 КБ)

28.12.2015