AO «Нұрбанк» АО «QazaqAir» ресми төлем серіктесі болды

AO «Нұрбанк» АО «QazaqAir» ресми төлем серіктесі болды

Енді www.flyqazaq.com сайтының қонақтары билет ақысын төлем карталарының көмегімен ыңғайлы түрде төлей алады. Билеттерді банк карталарымен төлеу мүмкіндігін эквайер банк AO «Нұрбанк» және Processing.kz процессинг орталығы қамтамасыз етеді. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі Etoday.kz ақпараттық-жаңалық порталына хабарлады.

AO «QazaqAir» — жаңа қазақстандық әуе компаниясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниясы, аймақтық әуе тасымалдарын қол жетімді ету үшін құрылған. «QazaqAir» негізгі миссиясы — қауіпсіз және қолайлы ұшуларды қамтамасыз ете отырып, Қазақстандағы қалалар мен облыс орталықтарын байланыстыру. «QazaqAir» сайтындағы онлайн төлемді CNP Processing GmbH және AO «Нұрбанк» процессинг орталығы арқылы іске асырылған. Енді сайттың қонақтары кез келген ыңғайлы уақытта әуе билетін брондап, банктік картамен төлей алады.

Төлем процесі келесі қадамдарды қамтиды:

  1. Бағыт пен күнді таңдау қажет.
  2. Жолаушының мәліметтерін толтыру.
  3. Processing.kz қауіпсіз төлем бетінде карталық мәліметтерді толтырып, төлемді растау.
  4. Төлем сәтті өткенде, мониторда чек көрсетіледі, ал электрондық поштаға билет жіберіледі. Егер төлем сәтсіз болса, мониторда қате сипаттамасымен терезе және төлемді сәтті аяқтау бойынша нұсқау көрсетіледі.
03.12.2015