"Өмірге жолдама"

"Өмірге жолдама"

Нұрбанк» АҚ-ның «Өмірге жолдама» (бұдан әрі – бағдарлама) әлеуметтік бағдарламасы аясында 2015 жылы Қазақстан Республикасының балалар үйінің 17 түлегі Каспий университетіне түсті.

Бағдарламаның арқасында 2014 жылы Алматы қаласының балалар мекемелерінің 10 түлегі университетке түскен. Қазіргі уақытта олар 2-курс студенттері болып табылады. Осылайша, қазіргі уақытта балалар үйінің 27 түлегі университетте оқиды.

Бағдарлама аясында банк оқыту, ай сайынғы шәкіртақыларды, жол жүру билеттерін, тамақтану және Алматы қаласында тұру шығындарын төлеуді өз мойнына алды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша оқып жүрген студенттер болашақта банктің көптеген аймақтық бөлімшелерінде жұмысқа орналаса алады.

Өз қызметі барысында банк 1000-нан астам қайырымдылық бағдарламаларын және бүкіл республика бойынша ірі жобаларды жүзеге асырды, олар қазіргі кезде қоғамға оң нәтиже беруде:

  1. «Үйге жол» - 2008 жылы «КТК» телеарнасымен бірлесіп басталған бағдарлама. Бұл жетім балалар туралы бағдарлама. Оның басты мақсаты – оларға жаңа отбасын табуға көмектесу. Біздің жобаға 300-ден астам бала қамқорлыққа алынған ата-аналарды тапты.
  2. «Жылу сыйлау уақыты» - жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша банктің жыл сайынғы акциясы. Акция аясында банктің топ-менеджерлері мен қызметкерлері балалар үйлері үшін өткізетін іс-шараларға жеке қатысады.

29.10.2015