Облигациялар орналастырылған қорытынды есебін бекіту

Облигациялар орналастырылған қорытынды есебін бекіту

Акционерлік қоғам «Нурбанк» (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен облигациялар орналастырылған қорытынды есебін бекіту туралы хабарлайды.
1.Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелген күні – қолданылмайды;
2.Шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға тағайындалған ұлттық идентификациялық нөмірі – қолданылмайды;
3.Облигациялар шығарылған жағдайда қосымша көрсетіледі: номиналды құн, айналым мерзімі мен өтеу тәртібі, кірісті төлеу тәртібі мен мерзімдері, проспектісінде көрсетілген ковенанттар және (немесе) өзге шектеулер – қолданылмайды;
4.Жарияланған бағалы қағаздар санының көбеюі: бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде жарияланған бағалы қағаздар санының көбеюіне қатысты өзгерістердің мемлекеттік тіркелген күні, жарияланған бағалы қағаздар санының көбеюі жөніндегі шешім қабылданған күн және оны қабылдаған акционерлік қоғам органы, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жарияланған бағалы қағаздар саны түрлері бойынша – қолданылмайды;
5.Бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданған күн – қолданылмайды;
6.Бағалы қағаздарды орналастырудың басталған күні, орналастыру шарттары: орналастырылатын бағалы қағаздар саны және орналастыру әдісі – қолданылмайды;
7.Бағалы қағаздарды орналастырудың аяқталған күні (есепті кезеңнің орналастырылу мерзімі көрсетілген), бағалы қағаздар өтеудің күні – орналастыру кезеңі: 2014 жылдың 5 желтоқсанынан 2015 жылдың 4 маусымына дейін;
8.Бағалы қағаздар орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні, есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздар саны мен түрлері көрсетілген есепті бекіту – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2015 жылғы 10 тамызда бекітілді, есепті кезеңде облигациялар орналастырылмады;
9.Есепті кезеңде акционерлік қоғамның иелерінен сатып алынған өзінің шығарған бағалы қағаздарының саны мен түрі – сатып алынған жоқ;
10.Есепті кезеңде акциялар бойынша дивидендтерді, облигациялар бойынша кірісті төлеу туралы мәліметтер – купондық сыйақы 2015 жылдың 10 маусымында 525 000 000,00 тенге көлемінде төленді;
11.Бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою күні және жою негіздемесі – қолданылмайды.

19.08.2015