Құрметті клиенттер!
30 тамызда бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін - ең маңызды және жалпыхалықтық мемлекеттік мерекелердің бірін атап өтеді. Негізгі заң – бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың сенімді кепілі, сондай-ақ жаңа Қазақстанның жетістіктерінің кепілі. Осы құжаттың арқасында біз еліміздің тұрақтылығы, келісімі және әл-ауқаты жолында сенімді қадам басудамыз.
Нұрбанк бұл айрықша күнмен шын жүректен құттықтап, Сізге зор денсаулық, бейбітшілік, ынтымақтастық, бақыт және мемлекетіміздің одан әрі гүлденуі жолындағы табыстар тілейді!