Облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті бекіту

Облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті бекіту

Осы арқылы «Нурбанк» Акционерлік қоғамы (әрі қарай – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті бекіткенін хабарлайды.

1.Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттің тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттің тіркелу күні - қолданылмайды;

2.Шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық идентификациялық нөмір - қолданылмайды;

3.Облигациялар шығарылымы кезінде қосымша көрсетіледі: номиналды құны, айналу мерзімі және өтеу тәртібі, оларға төленетін кірістер тәртібі мен мерзімдері, проспектісінде көрсетілген ковенанттар және (немесе) басқа шектеулер - қолданылмайды;

4.Жарияланған бағалы қағаздардың санының ұлғаюы: бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіндегі өзгерістерді мемлекеттік тіркеуге алу туралы күні, жарияланған бағалы қағаздардың санының ұлғаюы туралы шешімді қабылдаған күні және бұл шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органы, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіндегі тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден кейінгі жарияланған бағалы қағаздар санының түрлері бойынша кірістірілгені - қолданылмайды;

5.Бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылданған күн - қолданылмайды;

6.Бағалы қағаздарды орналастыру басталған күн, орналастыру шарттары, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың саны және орналастыру әдісі - қолданылмайды;

7.Бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күн (орналастыру кезеңінің есебі), бағалы қағаздарды өтеу күні - орналастыру кезеңі: 2014 жылдың 27 шілдесінен 2015 жылдың 26 қаңтарына дейін;

8.Бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелері туралы есепті, орналастыру кезеңінде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың санын және түрін көрсете отырып бекітілетін күн - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2015 жылдың 23 сәуірінде бекітілген, орналастыру кезеңінде облигациялар орналастырылмаған;

9.Акционерлік қоғаммен есептік кезеңде орналастырылған акциялар саны және түрі - 19 000 дана;

10.Акцияларға дивидендтер төлеу, облигацияларға кіріс төлеу туралы мәліметтер - 2015 жылдың 2 ақпанында купонды сыйақы төлеу жүргізілді, 553 826 000,00 теңге көлемінде;

11.Бағалы қағаздар шығарылымын жою туралы негізді негіздеу - қолданылмайды.

08.05.2015