«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу құжаты № 3868-1900-АО 09.11.2004 жылдан бастап), Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында орналасқан, 2015 жылғы 14 сәуірдегі Директорлар кеңесінің шешіміне (№ 20-(15) хаттама) сәйкес акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын келесі күн тәртібімен шақыру туралы хабарлайды:
1) «Нұрбанк» АҚ консолидацияланған жылдық есебін 2014 жылға бекіту;
2) 2014 жылға арналған «Нұрбанк» АҚ жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
3) 2014 жылға арналған «Нұрбанк» АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
4) 2014 жылдың қорытындылары бойынша «Нұрбанк» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акцияға есептелген дивидендтердің мөлшері туралы мәселені қарастыру;
5) 2015 жылға арналған «Нұрбанк» АҚ қаржылық есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
6) 2014 жылы «Нұрбанк» АҚ әрекеттеріне, оның лауазымды тұлғаларына акционерлерден түскен шағымдарды қарастыру және олардың нәтижелеріне қатысты мәселені қарастыру;
7) «Нұрбанк» АҚ акциялардың ұйымдастырылмаған нарықтағы сатып алынған құнын анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту;
8) «Нұрбанк» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге уәкілеті бар тұлғаны анықтау;
9) «Нұрбанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді бекіту;
10) 2014 жылдың қорытындылары бойынша «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді ақпараттандыру;
Жиналыс 2015 жылғы 18 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында өтеді. Жылдық жалпы жиналыстың қатысушыларын тіркеу жалпы акционерлер жиналысы өтетін жерде сағат 09.00-ден бастап жүзеге асырылады.
«Нұрбанк» АҚ акционерлерін жылдық жалпы жиналысқа қатысуға шақырамыз. Күн тәртібіндегі мәселелер және жылдық жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпараттар мен материалдар «Нұрбанк» АҚ офисінен, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында алуға болады, телефон: 8(727) 259-97-10 (Корпоративтік хатшы Орынбетова Ардақ - ішкі 5783).
«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі «Нұрбанк» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі деректері негізінде жасалған. Назар аударыңыз, Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес, акционерлер жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған соң, бұл тізімге енгізілген тұлға өзі иелік ететін қоғамның дауыс беруші акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растау үшін құжаттар ұсынылуы тиіс.
Жылдық жалпы жиналысқа қатысу үшін акционерлер - жеке тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатпен келуі керек. Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген нотариалды куәландырылған сенімді растайтын құжатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет.
Акционерлердің өкілдері - заңды тұлғалар акция иесі екенін куәландыратын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімді құжатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Қазақстан Республикасы заңнамасына немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ету немесе оның мүдделерін білдіру құқығына ие тұлғаға акционерлер жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенім қажет емес. Акционерлер – заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының банктері және банк қызметі туралы» Заңының 17-бабының 5-тармағында көзделген талаптардың олар және олардың акционерлері (қатысушылары) бойынша өзінің және олардың акционерлерінің (қатысушыларының) қай мемлекетте тіркелгені туралы мәлімдемесін тапсыруы тиіс. Мәлімдеме нысаны банктің интернет-сайтында орналастырылған: www.nurbank.kz.
«Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарына сәйкес, орталық депозитарийдің есептік жүйесінде меншік иесі туралы мәліметтер болмаған номиналды ұстаудағы акцияларға ие акционерлер акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Кворум болмаған жағдайда «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің қайта шақырылатын жылдық жиналысы 2015 жылғы 19 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында өтеді.
Акционердің мәлімдемесі (жүктеу .doc, 29 КБ)