Нұрбанктің рейтингтері «В-/В» деңгейінде, болжамы тұрақты деп расталды

Нұрбанктің рейтингтері «В-/В» деңгейінде, болжамы тұрақты деп расталды

Нұрбанктің рейтингтері «В-/В» деңгейінде, болжамы тұрақты деп расталды

Халықаралық рейтинг агенттігі «S&P Global Ratings» Нұрбанк АҚ-ның ұзақ және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін «В-/В» деңгейінде, болжамы - «Тұрақты», сонымен қатар ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «kzBB-» деп растады.

Агенттік 2022 жылы банктің капитал жеткіліктілігінің барлық нормативтік талаптарын қамтамасыз еткенін, банктің қаржыландыру және өтімділік көрсеткіштері банк жүйесі мен ұқсас қазақстандық қаржы ұйымдарының орташа көрсеткіштеріне сәйкес келетінін атап өтеді.

«Нұрбанк» АҚ-ның сенімділік рейтингінің «В-/В» деңгейінде, болжамы - «Тұрақты» деп расталуы Нұрбанктің бизнес дамыту стратегиясының тиімділігін растайды. Жыл басынан бері Нұрбанктің шағын және орта бизнес несиелік портфелі 8,2% өсті, бөлшек несиелік портфель - 10%, корпоративтік несиелік портфель – 6,9% өсті. Болашақта біз бөлшек бағытты дамытуды күшейтеміз, қызмет көрсету сапасын арттырамыз, қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып, банктік өнімдер қатарын жетілдіреміз», - деді Нұрбанк АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алексей Мажуга.

Ақпарат: 2022 жылғы 1 тамызға банктің активтері 469,8 млрд теңгені құрады, депозиттік портфель – 344,4 млрд теңге (1,6% өсуі), несиелік портфель – 266,4 млрд теңге, стандартты портфель жыл басынан бері 16,2 млрд теңгеге немесе 7,6%-ға өсті, проблемалық портфель 9,2 млрд теңгеге немесе 19,5%-ға азайды. Банктің таза пайдасы 2,6 млрд теңгені құрады. Негізгі банк тұрақтылығының көрсеткіші болып табылатын капиталдың жеткіліктілік деңгейі реттеуші орнатқан нормативті 2 есе асырады.

Нұрбанк АҚ Баспасөз қызметі

media@nurbank.kz

27.08.2022