Осы арқылы «Нурбанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Банктің ерекше байланыстары бар тұлғасымен мүдделілігі бар үш мәміле жасалғаны туралы хабарлайды.
- Ұйым органының мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні – 2015 жылғы 11 наурыз;
- Мәміленің нысаны болатын мүліктің құны – қолдануға келмейді;
- Мәміленің нысаны болатын мүліктің соңғы бағасы – қолдануға келмейді;
- Мәміленің нысаны болатын мүліктің құнынан ұйымның жалпы активтер құнына пайыздық қатысы – қолдануға келмейді;
- Мәміленің негізгі маңызды шарттары – автокөліктерді сақтандыру шарттары;
- Мәміленің жасалған күні – 2015 жылғы 24 наурыз.