Нұрбанк «Даму» Қорымен кезекті келісімге қол қойды

Нұрбанк «Даму» Қорымен кезекті келісімге қол қойды

«Нұрбанк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ субъектілерін қолдау бағдарламасына қатысу туралы үшінші келісімге қол қойды.

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасына қатысу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мен кредиттік келісімге қол қойған 13 екінші деңгейлі банктің қатарына кірді. 

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының үшінші траншы ретінде 50 миллиард теңге бөлінді, олар өз кезегінде өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында бағдарламаның қатысушы банктері арасында бөлінді. 

Бағдарлама шарттарына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру инвестициялық мақсаттарға және айналым капиталын толықтыруға, сондай-ақ айналым капиталын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға алынған кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыруға жүргізіледі, 6%* жылдық жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен және қаржыландырудың ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейін қарастырылған. Бағдарлама аясында Банк несие беру және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар, төлемдер және басқа да алымдарды алмайды.

Бағдарлама шарттары туралы толық ақпаратты «Даму» Қорының www.damu.kz сайтынан немесе кез келген аймақтан 1408 нөміріне мобильді телефон арқылы (қоңырау тегін) қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ Банктің бөлімшелеріне немесе Байланыс орталығының келесі телефондарына хабарласу арқылы ала аласыз:

— Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 8 (727) 250-00-00, 244-44-44;
— Қазақстан бойынша қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін: 8 8000 800 900. 

* — ЖТСМ мөлшері ҚР ҰБ талаптарына сәйкес анықталады.

26.03.2015