Нұрбанк «Көк-Төбе» саябағындағы жаңа арқан жолының құрылысын қаржыландыруда

Нұрбанк «Көк-Төбе» саябағындағы жаңа арқан жолының құрылысын қаржыландыруда

2014 жылы 16 сәуірде «Көк-Төбе» саябағының басшылығы француздық «POMA» компаниясымен Көк-Төбеге жаңа гондола жолын салу үшін жабдықтар жеткізуге келісім жасады. 2014 жылдың 6 желтоқсанында болашақ арқан жолының жаңа гондолдарын (кабиналарын) қабылдау-өткізу актісіне қол қойылады. Жобаны «Нұрбанк» қаржыландыруда. «Көк-Төбе тауы Алматыдағы ең әдемі және таңғажайып орындардың бірі болып табылады. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арқан жолы толық жаңартуға шешім қабылданды», — деп айтты «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.

Айта кетейік, арқан жолының толық реконструкциясы 1 қыркүйекте басталды. Жұмыс барысында жоғары және төменгі станциялар мен техникалық тіректер алынып тасталады. Қолданыстағы маятник арқан жолының орнына жаңа гондолалы арқан жолы салынады. Құрылыс кезінде Көк-Төбе саябағы қалыпты режимде жұмыс істейді. Ол жерге арнайы автобустармен баруға болады, сондай-ақ қонақтардың жеке көліктеріне автотұрақ қарастырылған.

Жоспарға сәйкес, 2015 жылдың маусымында алматылықтар мен қала қонақтары Көк-Төбеге жаңа типті сегіз орындық ыңғайлы кабиналармен тасымалданатын болады. Көк-Төбеге арналған арқан жолы 1967 жылы пайдалануға берілді, кейін, 2005 жылы Көк-Төбе тауының еңістерін нығайту және арқан жолы кешенін қайта құру жұмыстары жүргізілді.

05.12.2014