Осы арқылы «Нурбанк» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) банкпен ерекше қарым-қатынаста болған тұлғамен қызығушылығы бар мәміле жасағанын хабарлайды.
- мәміле жасау туралы шешімді ұйым органының қабылдаған күні – 2014 жылғы 30 қазан;
- мәміленің нысаны болып табылатын мүліктің құны – 107 541 820,00 (жүз жеті миллион бес жүз қырық бір мың сегіз жүз жиырма) теңге;
- мәміленің нысаны болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – 2011 жылғы 11 сәуір;
- мәміле нысанының құнының ұйым активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 0,0003%;
- мәміленің негізгі маңызды шарттары – Шымкент қаласында орналасқан жер учаскесіне жеке меншік құқығымен жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімшарты және жер учаскесіне жер пайдалану құқығы;
- мәміле жасау күні – 2014 жылғы 20 қараша.