Бүгін Француз Үйінде «Нұрбанк» АҚ ұйымдастырған бірегей көрме ашылды. Оған себеп болған – Банктің негізгі қызмет қағидаттарын: дәстүрлерді құрметтеу, адалдық, ашықтық деген жаңа жарнамалық кампанияның іске қосылуы. Жаңа медиаккампанияның визуалды концепциясы мен ролик сценариі Банктің ішінде әзірленген. Идея негізі – көптеген жылдар бойы сақталған халық қолданбалы өнерінің бұйымдары, олар әлем халықтарының (соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия) дәстүрлерін, тұрмысын және мәдениетін көрсетеді. Қолданбалы өнер жинағы көптеген жылдар бойы Банкпен жиналған және енді Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары тарихи мұраны көздерімен көруге мүмкіндік алды.
Жинақта 18-20 ғасырлардағы зергерлік бұйымдар, 20 ғасырдың басындағы қолдан тоқылған кілемдер, тұрмыс заттары – 19-20 ғасырлардағы мыс пен жезден жасалған құмыралар, кумғандар, самауырлар, суық қару, ат әбзелдері және т.б. бар. Ең көне тұрмыс заты – 1748 жылғы өлшеуіш құмыра, ең ерекше – Абылай ханға тиесілі рубин қондырылған күмістен жасалған тіс шұқуыш-қүмішқасы.
Бұл – Банктің ұйымдастырған алғашқы көрмесі емес. Атап айтқанда, Алматы мен Астана халықаралық әуежайларында Қазақстанның белгілі модельері Муслим Жұмағалиевтің үш мыңжылдық бойы Қазақстан территориясын қоныстанған түркі халықтарының 20 киім-кешектен тұратын коллекциясы ұсынылды. Ол коллекцияның негізінде әртүрлі дәуірлердің – андронов дәуірі, сақ кезеңі, түркі кезеңі, ғұн дәуірі, қыдыл, қыпшақ кезеңдерінің ер мен әйел киімдері болды.
«Қазақстандық қоғам тарихи артефактілерді қалпына келтіру туралы жақында ғана ойланды, – деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев тұсаукесерлік сөзінде. – Нұрбанк пен еншілес компаниялардың қызметкерлері қазақ мәдениетінің сабақтастығын сақтау үшін көптеген жылдар бойы археологиялық және тарихи қолданбалы өнер заттарының коллекциясын жинады. Біздің жарнамалық концепциямыз сенімге, клиент мүдделерін қорғауға және тарихқа деген құрметке негізделген. Осы идеяға байланысты біздің жарнама кампаниямыздың ұраны – «Тарихты сақтайтын банк». Осы идеяның негізінде біз Француз Үйінде барлық қалағандарға ашық болып отырған қолданбалы өнер коллекциясының көрмесін аштық.
Іс-шара аясында сондай-ақ ағымдағы жылдың 10 айына «Нұрбанк» АҚ қызметінің қорытындылары жарияланды. Банк жаһандық экономиканың құбылмалы жағдайында негізгі қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсете алды. 2014 жылдың 10 айында банктің таза пайдасы 3,3 млрд теңге құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу 3,2 млрд теңге құрады. 2014 жылдың 1 қарашасына резервтер қалыптастырмай тұрып таза пайыздық кіріс 8,9 млрд теңге құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ол 91%-ға өсті. Осы күндегі резервтерді есептемегендегі таза пайыздық маржа 3,6% құрады. Капиталдың қайтарымдылығы (ROE) – 8,63%. Банктің активтері 2014 жылдың 1 қарашасында 307,4 млрд теңге құрады. Жыл басынан бастап банктің активтері 54,6 млрд теңгеге немесе 21,6%-ға өсті. Банктің несие портфелі 223,2 млрд теңгені құрады, жыл басынан бастап өсім 3,4 млрд теңге құрады. Банктің меншікті капиталы 45,5 млрд теңгені құрады, жыл басынан бастап өсім 2,7 млрд теңге құрады. Сыйақыларды ескере отырып банктің депозиттік портфелі жыл басынан бері 17%-ға, 152,7 млрд теңгеден 178,8 млрд теңгеге дейін өсті.
***
«Нұрбанк» АҚ 1992 жылдың 3 тамызында Атырауда құрылды. 2003 жылы бас банк Алматыға көшті.
Қысқа мерзім ішінде «Нұрбанк» АҚ кішкене аймақтық банктен республикалық деңгейге шықты. Бүгінгі таңда «Нұрбанк» АҚ барлық банк қызметтерін ұсынады.
Банк филиалдар желісін құрды: Қазақстанның барлық негізгі аймақтарында 16 филиал және 75 әмбебап банктік қызмет көрсету орталықтары мен филиалдардың қосымша бөлмелері бар.
Клиенттердің ыңғайын ойлай отырып, банк клиент базасын қолдауға жауапты жеке инфрақұрылымына тұрақты түрде үлкен қаражат инвестициялайды.