Корпоративті клиенттерге арналған интернет-банкинг жүйесінің жаңа нұсқасы «Correqts»

Корпоративті клиенттерге арналған интернет-банкинг жүйесінің жаңа нұсқасы «Correqts»

Құрметті клиенттер,

«Нұрбанк» АҚ сіздерді 2014 жылдың 24 қарашасында корпоративті клиенттерге арналған «Correqts» интернет-банкинг жүйесінің жаңа нұсқасының іске қосылғаны туралы хабардар етеді.

Internet-банкинг жүйесінде https://open24.kz:7443 web-мекенжайы арқылы жұмыс жасайтын клиенттер үшін жүйеге кіру жаңа web-мекенжай арқылы жүзеге асырылады: https://ibank2.open24.kz/sbns-web/ru/html/login.html

Жүйеге кіру қазіргі логин мен пароль арқылы жүзеге асырылады.

Пайдаланушының нұсқаулығы «Correqts» корпоративті клиенттерге арналған интернет-банкинг жүйесінің Жеке кабинетінде ұсынылады.

Жаңа нұсқаға ауысқан кезде барлық қажетті төлем операцияларын 2014 жыл 21 қарашаға дейін жұмыс күні аяқталғанша орындауды настоятельно ұсынамыз.

Біз сіздерге интернет-банкингтің жаңартылған жүйесін ұсынғанымызға қуаныштымыз, ол жоғары жылдамдық, тұрақтылық және қауіпсіздікпен ерекшеленеді. Жақсартылған пайдаланушы интерфейсі және жұмыс құжаттары бойынша мәзірді оңтайландыру қызмет көрсетуді ыңғайлы және интуитивті түсінікті етеді.

Сіз жаңа интернет-банкинг жүйесі туралы ұсынысыңызды, қалауыңызды және ескертулеріңізді Пайдаланушының Жеке кабинетінде орналасқан «Банкке хаттар/Ұсыныстар/Ескертулер» бөлімінде қалдыра аласыз. 

Өз кеңсеңізден шықпай-ақ банкпен байланысыңыз!
Сіз қай жерде болсаңыз да төлем жасаңыз!
Өз есепшоттарыңызды тәулік бойы бақылаңыз! 

13.11.2014