Құрметті клиенттер,
«Нұрбанк» АҚ сіздерге «Көлік салығын төлеу» және «ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу» атты жаңа қызметтердің жеке тұлғалар үшін «Open24» Интернет-банкинг жүйесінде іске қосылғандығын қуана хабарлайды.
Көлік салығы бойынша ақпарат алу үшін тек көлік құралдарының VIN-кодын енгізу қажет.
Айыппұлдар бойынша ақпарат алу үшін көлік иесінің ЖСН-ін және көлік құралдарының мемлекеттік нөмірін енгізу қажет. Бұл қызмет сізге бүкіл Қазақстан аумағында тіркелген бұзушылықтар бойынша айыппұлдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.