Жаңа оқу жылында АО «Нурбанк» және Каспий университеті республикалық ауқымда «Жақсылық жылы» жобасы аясында «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы сәтті бастау алды.
«Өмірге жолдама» бағдарламасы арқасында Алматы қаласындағы балалар үйінің 11 түлегі Каспий университетіне оқуға түсті. АО «Нурбанк» Каспий университетімен бірге оқу ақысын төлеуді, ай сайынғы шәкіртақыны және оқу процесіне байланысты басқа да шығындарды өз мойнына алды.
Сонымен қатар, «Өмірге жолдама» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер болашақта AО «Нұрбанк» компаниясының көптеген аймақтық бөлімдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Cәкен Ахметов, AО «Нұрбанк» басқарма төрағасының орынбасары:
«Айта кету керек, бағдарлама балалар үйінде оқып жүрген кезде білімге құштарлық танытып, шынымен де жоғары білім алуды мақсат ететін балалар үйі тәрбиеленушілеріне ғана арналған. Бұл студент, банк және мемлекет үшін өзара тиімді ынтымақтастық. Балалар үйінің түлегі білім алып, кейін жұмысқа орналасады, банк келешекте талапты маманға ие болады, ал мемлекет толыққанды қоғам мүшесін алады».
Көптеген жүзеге асырылатын қайырымдылық және демеушілік жобалардың ішінде AО «Нурбанк» ең осал топтарға ерекше көңіл бөледі. «Жылу сыйлау уақыты» акциясы жыл сайын өткізіліп, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында АО «Нурбанк» бүкіл Қазақстан бойынша өткізеді. 2008 жылдан бастап AО «Нурбанк» балалар үйінде тәрбиеленушілерді асырап алуды насихаттауға бағытталған ТК «КТК»-мен бірлескен әлеуметтік жоба «Үйге барар жолдың» серіктесі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты - жетім балаларға жаңа отбасы табуға жәрдемдесу.
Cәкен Ахметов, AО «Нұрбанк» басқарма төрағасының орынбасары:
«Нұрбанк жүргізіп жатқан әлеуметтік жобалар бұл мәселеге қоғамның назарын аударуға ғана емес, сондай-ақ осы әлеуметтік мәселені шешуге нақты әсер етуге көмектеседі. Ата-аналарды назарға алсақ, «Үйге барар жол» жобасының арқасында 300-ден астам қазақстандық бала отбасына ие болды. Біз қоғамда қайырымдылық дәстүрлерін бекіткіміз келеді, сондықтан банк игі істерді жоспарлауда».
********
«Нурбанк» АҚ 1992 жылғы 3 тамызда Атырауда құрылды. 2003 жылы бас банк Алматы қаласына көшті.
1992 жылы құрылған AО «Нурбанк» қысқа мерзім ішінде кішкентай аймақтық банктен республикалық деңгейге шықты. Бүгінгі таңда AО «Нурбанк» банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Банк филиалдардың ауқымды желісін құрды: Қазақстанның барлық негізгі аймақтарында 16 филиал мен 60 әмбебап банктік қызмет көрсету орталығы және филиалдардың қосымша кеңселері бар. Банктің негізгі акционері «JP FINANCE GROUP» ЖШС (67,84%) болып табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау деректері бойынша, 2014 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша «Нурбанк» қазақстандық 38 банктің ішінде активтер көлемі бойынша 14-ші орынды иеленді.
«Банкиръ» журналының «Кімге сенім артуға болатынын - 2013» конкурсының нәтижелері бойынша «Нурбанк» «Үздік қайырымдылық жобалар үшін» арнайы номинациясында жеңімпаз атанды
*******
Каспий университеті білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының алғашқы жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. 1992 жылы Алматы қаласында құрылған. Университетке өмір сүру уақытына қосылған: Заңның Жоғары мектебі «Әділет», көпсалалы институт «Парасат», Алматы құрылыс және менеджмент колледжі «Аксим».
Каспий университетінің құндылықтары жоғары кәсібилік, кәсіби және этикалық стандарттардан еру, сондай-ақ жаңа білімдер мен оқыту технологияларын жасау көзі ретінде инновация болып табылады. Халықтың «Кемелденген» сапа белгісінің иегері бола отырып, Каспий университеті бүгінгі таңда халықаралық деңгейдегі жоғары стандарттарға сәйкес келуге ұмтылатын сапалы білімнің кепілі болып табылады.
Каспий университетінің ректоры - заң саласындағы философия докторы, профессор Нусенов Жолдасбек Муслимович.