Өмірге жолдама

Өмірге жолдама

Жаңа оқу жылында «Жақсылық жылы» жобасының аясында Нұрбанк АҚ мен Каспий университетінің республикалық ауқымдағы «Өмірге жолдама» атты әлеуметтік бағдарламасы сәтті басталды.

«Өмірге жолдама» бағдарламасы арқылы Алматы қаласындағы балалар мекемелерінің 11 түлегі Каспий университетіне оқуға түсті. Нұрбанк АҚ Каспий университетімен бірлесіп, оқудың ақысын төлеу, ай сайынғы шәкіртақы төлеу және оқу процесіне байланысты басқа шығындарды өз мойындарына алды.

Сонымен қатар, «Өмірге жолдама» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер болашақта Нұрбанк АҚ-ның көптеген аймақтық бөлімшелерінде жұмысқа орналаса алады.

11.09.2014