Құрметті клиенттер!
«Сыйлық несие» акциясы бойынша жүлделерді ойнатудың I кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Сыйлықтар тапсырылғаннан кейінгі фотоесептерді Банктың Facebook және Twitter парақшаларынан бақылаңыздар!
Алда әлі екі кезең қалады!
Еске сала кетейік, «Сыйлық несие» акциясы 2013 жылдың 1 қазанынан 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін тауар несиесін ресімдеген клиенттер арасында өткізілді. Акцияның мәні Банктің Клиентіне қалған несие мерзімінің кешірілуінде еді. Акцияға қатысу үшін Sulpak дүкендер желісінде Нұрбанктің тауар несиесін ресімдеу әрі негізгі шартты сақтау - несие қызмет көрсету кезеңінде мерзімін өткізіп алмау қажет болатын.
Акция шарттары бойынша? ойнату тауар несиесін алғаннан кейін алты ай өткенде әр айға жекелеп өткізіледі. Бүгін 2013 жылғы қазан айында алынған несиелер бойынша ұтыс ойыны өткізіледі, алдағы ұтыс ойнатулар 2014 жылғы мамыр мен маусым айларында өтеді.