Нұрбанк «Корпоративтік бизнес үшін үздік банк» номинациясында марапатқа ие болды

Нұрбанк «Корпоративтік бизнес үшін үздік банк» номинациясында марапатқа ие болды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы
13.12.13

«Банкир» журналының «ТМД, Балтық елдері, Грузия банкі — 2013» конкурсының қорытындысында «Нұрбанк» АҚ үш номинация бойынша үздік деп танылды: «Корпоративтік бизнес үшін үздік банк», «Клиенттерге арналған адалдық бағдарламалары бойынша үздік банк» және «Жоғары деңгейдегі сенімділікті сақтаған банк».

«Біз бұл конкурсты ұйымдастыра отырып, посткеңестік кеңістіктегі қаржылық институттар арасында өзара тиімді іскерлік байланыстарды орнату, нығайту және дамыту мақсаттарын көздедік», — деп атап өтті салтанатты марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген «Банкиръ» журналының директоры Олег Капралов. «Үздік банктерді атай отырып, біз конкурстағы жеңіс клиенттік базаны кеңейту үшін ерекше мүмкіндіктер береді деп үміттенеміз».

Конкурс үшін банктер қатысушы ғана емес, анкеталау арқылы лауреаттарды өздері анықтайтын арнайы әдістеме жасалды. Сонымен қатар, О. Капралов атап өткендей, реттеушілердің, социологиялық қызметтердің және рейтингтік агенттіктердің сараптамалық бағалаулары, сондай-ақ БАҚ пен коммуникация құралдары есепке алынды.

«Бұл конкурста марапаттарды алу Нұрбанктің жемісті жұмысының өзіндік қорытындысы болып табылады, даму үшін жаңа серпін беріп, болашақтағы іс-шаралар үшін кең мүмкіндіктер ашады. Біз еңбегіміздің лайықты бағаланғанына қуаныштымыз», — деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев.

 

«Банкиръ» кәсіби журналы — бұл банктердің, қаржы директорларының, талдаушылардың әкімшілік басшылары мен мамандары үшін бизнес басылым — банктердің, басқа қаржылық компаниялар, институттар және мекемелердің дамуы мәселелерімен қызығушылық танытатындардың барлығы. «Банкиръ» Мәскеудегі Қаржыгерлер Гильдиясының мүшесі әрі BankersAccuity серіктесі болып табылады. «Банкиръ» журналы көптеген маңызды іс-шаралардың ресми ақпараттық демеушісі және медиа серіктесі ретінде дәстүрлі түрде шығып, бірқатар конкурстардың ұйымдастырушысы және негізін қалаушы болып табылады.

13.12.2013