Нұрбанк "Үздік тұтынушылық несие" аталымы бойынша марапатталды
"Банкир" журналының нұсқасы бойынша "Нұрбанк" АҚ "Банктық технологиялар, жабдықтар мен қызметтер саласындағы кәсіби марапат – 2013" алғашқы халықаралық байқауында "Үздік тұтынушылық несие" аталымы бойынша лауреат атанды, ал "PR технологиялар мен маркетинг саласындағы көшбасшы – 2013" халықаралық байқауында бірден екі аталымда: "Үздік креативті жарнама" және "Бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді ынтымақтастығы үшін" үздік деп танылды.
"PR технологиялар мен маркетинг саласындағы көшбасшы – 2013" байқауы Украина, ТМД, Балтия, Грузия елдерінде қызмет атқаратын банктердің, сақтандыру компанияларының және басқа да қаржылық құрылымдардың PR қызметтері арасында өткізіліп, баспасөз қызметтері мен маркетинг бөлімдерінің рөлі мен беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Банктердің PR қызметінің қызметі БАҚ-та жарық көрген материалдардың контент-аналитикасы және журналистердің баспасөз қызметімен жұмыс істеуге жеңілдігі туралы пікірі негізінде бағаланды.
Өз кезегінде, "Үздік креативті жарнама" шығармашылық аталымы бес критерий: ақпараттылық, креативті идея, дизайн, бейнежарнама талаптарына сәйкестік, тұтынушы көзқарасы бойынша бағаланды. Сарапшылардың пікірінше, Нұрбанктің актер Иван Охлобыстиннің қатысуымен түсірілген бейнероликтері аталған критерийлерге сәйкес келеді. "Үздік тұтынушылық несие" аталымында несие бойынша ең тиімді ұсыныстар, төмен пайыздық мөлшерлемелер және ең жақсы несиелендіру шарттары бағаланды.
"Үш марапаттың бірден алуы біз үшін күтпеген жағдай болды. Біз еңбектеріміздің лайықты бағаланғанына қуанамыз. Осы жағдайды пайдалана отырып, журналистердің ауыр еңбегі үшін алғыс айтқымыз келеді. Өз кезегінде, "Нұрбанк" өзінің жұмысында ашықтық қағидатын ұстанып, бұқаралық ақпарат құралдарымен кез келген байланысқа ашық", - деді "Нұрбанк" АҚ Басқарма төрағасы Кәнтәр Орынбаев.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың 13 маусымында "Сенім артатын банк – 2013" байқауының қорытындысы бойынша "Үздік қайырымдылық жобалары үшін" аталымында "Нұрбанк" жеңімпаз атанды.
"Банкиръ" кәсіби журналы – бұл банк басшылары мен мамандарына, қаржы директорларына, аналитиктерге, банктер мен басқа да қаржы компанияларының, институттары мен мекемелерінің дамуына қызығушылық білдіретіндерге арналған іскерлік басылым. "Банкиръ" Мәскеудегі Қаржыгерлер гильдиясының мүшесі және BankersAccuity серіктесі. "Банкиръ" дәстүрлі түрде көптеген маңызды іс-шаралардың ресми ақпараттық демеушісі және медиа-серіктесі болып табылады, сондай-ақ бірқатар байқауларды ұйымдастырады және құрылтайшысы болып табылады.