Нұрбанк «Үздік қайырымдылық жобалар үшін» номинациясында марапатқа ие болды

Нұрбанк «Үздік қайырымдылық жобалар үшін» номинациясында марапатқа ие болды

2013 жылғы 13 маусымда «Банкиръ» журналы «Сенім артар банк — 2013» 1-ші Халықаралық байқауының нәтижелерін шығарды (бұдан әрі – байқау). Байқау барысында Украина, Балтық елдері, Қазақстан, Грузия, Молдова, Әзірбайжан және Ресейдегі ең сенімді банктер анықталды. Банктердің қызметі рейтингілік агенттіктердің мәліметтері, сарапшылардың пікірі, қаржы нарығы реттеушісінің деректері және ашық дереккөздерден алған әрбір банкке қатысты талдау негізінде бағаланды. «Үздік қайырымдылық жобалар үшін» номинациясын талдау барысында ерекше қорлар мен қауымдастықтардың деректері ескерілді. Байқау Ресей Федерациясының Украинадағы Елшілігінің, Польшаның, Қазақстанның, Грузияның, Әзірбайжанның және Өзбекстанның елшіліктерінің, ТМД елдерінің орталық банктерінің, халықаралық банктік қауымдастықтардың ақпаратық қолдауымен өтті.

«Сенім артар банк-2013» байқауының нәтижелері бойынша «Нұрбанк» «Үздік қайырымдылық жобалар үшін» арнайы номинациясында жеңімпаз атанды. Лауреаттарды марапаттау салтанатты рәсімі 13 маусымда «Киев» қонақүй кешенінің Триумф залында (Киев қ., Украина) өтті. Іс-шарада «Нұрбанк» атынан Қоғаммен байланыс және жарнама басқармасының бастығы Елена Ковалева қатысты, оған медаль мен диплом табыс етілді.

«Біз мұндай марапатқа ие боламыз деп күтпедік. Байқауды ұйымдастырушылар лауреаттарды бағалауда жаңашылдық көзқарас әзірледі. Үлкен де, шағын да банктер тең жағдайда болды. Қайырымдылық қызметпен айналысу барысында «Нұрбанк» ешқандай марапат немесе жеңілдіктерге үміт артпайды. Бұл біз үшін сәтті қызметтің бір бөлігі, қаржылық тұрақтылық пен сенімділіктің көрсеткіші», — деді «Нурбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев.

Кәсіби «Банкиръ» журналы – бұл банктердің, қаржы компанияларының, институттар мен мекемелердің дамуына қызығушылық танытатын банк басшылары мен мамандарына, қаржы директорларына, талдаушыларға арналған іскерлік басылым. «Банкиръ» Мәскеудегі Қаржыгерлер Гильдиясының мүшесі және BankersAccuity-дің серіктесі. Кәсіби «Банкиръ» журналы әртүрлі маңызды іс-шаралардың ресми ақпараттық демеушісі және медиа серіктесі ретінде дәстүрге айналған, сондай-ақ бірнеше байқаулардың ұйымдастырушысы және құрылтайшысы болып табылады.

21.06.2013