Жақында ғана бүкіл Қазақстан көпұлтты халқы жердегі ең көне мерекелердің бірі – көктем мен жаңару күні «Наурыз мейрамын» тойлады.
Әр жыл сайын, «Нұрбанк» АҚ Қарағанды филиалы өз сүйікті клиенттерін осы көктем мерекесімен құттықтайды. Ерекше назар «Асем» жанұялық балалар үйіне аударылды. «Нұрбанк» филиалының басшылығы мен қызметкерлері барлық балаларды сыйлықтармен, түрлі тәттілермен, алуан түсті шарлармен қуантты. Балалардың кездесу кезіндегі жүздерінде көптеген күлкі, қуаныш пен шаттық болды!
|