Құрметті клиенттер!
«Нурбанк» АҚ «Visa Gold картасын ашыңыз — бортқа қош келдіңіз!» акциясының басталғанын хабарлайды.
Егер сізде Visa Gold/Visa Infinite/Visa Infinite Diamond картасы жоқ болса, онда қазір оны алудың дәл уақыты. «Visa Gold картасын ашыңыз — бортқа қош келдіңіз!» акциясының құрметіне, 2013 жылдың 1 наурызынан 30 маусымына дейін «Нурбанк» АҚ «Жалақы», «Стандарт», «Staff» (Банк қызметкерлері) өнімдері бойынша негізгі/қосымша Visa Gold/Visa Infinite/Visa Infinite Diamond карталарын алғашқы қызмет көрсету жылындағы жылдық қызмет ақысын 50% төмендетеді және премиум картасын рәсімдеген әрбір клиентке «Priority Pass» картасын (әлемдегі әуежай VIP залдарына кіретін карта) СЫЙЛЫҚҚА береді!
Банк ұсынған артықшылықтармен қоса, Visa компаниясы премиум Visa картасын шығарған әрбір жаңа клиентке «Visa Артықшылықтар Әлемі» бағдарламасының серіктестерінде арнайы жеңілдіктер алуға арналған сертификат және кез-келген бағытта құны 4000 АҚШ долларына дейінгі бизнес-класс екі әуе билеті сатып алу үшін 20 сертификаттың бірін ұтып алу мүмкіндігін сыйлайды.
Және бұл бәрі емес! «Visa Gold картасын ашыңыз — бортқа қош келдіңіз!» акциясы аясында Visa премиум карталарының иелеріне арналған MEGA СО сауда желісінде (Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент) ғаламат жеңілдіктер бар. Visa Gold/Visa Infinite/Visa Infinite Diamond карталарымен 1 наурыздан 30 сәуірге дейін MEGA желісінде сатып алған кезде жеңілдік 50%-ға дейін жетеді.
Акцияға «Нурбанк» АҚ қосымша немесе жаңа шығарған Visa Gold/Visa Infinite/Visa Infinite Diamond картасының клиенттері қатысады.
Акция туралы толық және қосымша ақпаратты www.visa.com.kz сайтынан біле аласыз.
«Нурбанк» АҚ премиум Visa карталарымен төлеңіз және ерекше артықшылықтарды пайдаланыңыз!