Нурбанк 300 миллион АҚШ долларынан астам сомаға «жаман» корпоративтік кредиттерін сатты

Нурбанк 300 миллион АҚШ долларынан астам сомаға «жаман» корпоративтік кредиттерін сатты

БАСМАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2012 жылғы 10 желтоқсан

Нурбанк корпоративтік портфельдің үмітсіз және күмәнді активтерін сатты. Осылайша, Нурбанк ТМД-да корпоративтік блогтың қарыздарын коллекторларға сату және проблемалық активтерді банктің біріктірілген теңгерімінен шығару арқылы шешім қабылдаған алғашқы банктердің бірі болып табылады. Күмәнді және үмітсіз активтер ретінде жіктелген кредиттер бойынша талап ету құқықтарын беру бірнеше проблемалық активтерді басқару компанияларына жасалады.

«Біз Қазақстандағы кейбір банктер токсик активтерді басқару бойынша арнайы еншілес компаниялар құратын жолдан өзгеше жолды ұстандық. Біздің жолымыздың ерекшелігі мынандай:

Біріншіден, коллекторлық компаниялар біздің еншілес ұйымдарымыз емес.

Екіншіден, аталған компаниялардың келісімшартта айтылған талаптарға сәйкес, жаман активтерді банкке қайта қайтару мүмкіндігі жоқ. Бұл келісімшартта анық жазылған.

Және соңында, үшіншіден, біз жаман кредиттерді нақты ақшаға, яғни "true sale" арқылы сатамыз. Менің білуімше, біздің елде корпоративтік портфель бойынша мұндай көлемдерде ешкім дәл осындай қадам жасамаған», - деді Нурбанктің Басқарма Төрағасының орынбасары Рауан Даукенов.

Бүгінгі күнге дейін 47,3 миллиард теңге сомасына күмәнді және үмітсіз активтер сатылды. Бұл 90 күннен астам қарыз кешіктерілген, қамтамасыз етуі 50%-тен төмен және негізгі қарыздың өтеуі жоқ өтілімдер туралы болып отыр. Сату банк пен басқарушы компаниялар арасында Талап ету құқықтары туралы келісімдер жасау арқылы жүзеге асырылды.

«Біз әрі қарай банктің активтерінің сапасын жақсарту жұмыстарың жалғастырамыз» - деп қорытындылады Рауан Даукенов.

 

Ақпарат үшін:
2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Нурбанктің қаржылық есептілігіне сәйкес банктің таза пайдасы 1 271 миллиард теңгені құрады, бұл 2011 жылғы осы кезеңнің көрсеткішінен 18,7% артты.
Банктің активтері 293,324 миллиард теңгені, міндеттемелері 221,189 миллиард теңгені, жеке капиталы 72,135 миллиард теңгені, жарғылық капиталы 127,611 миллиард теңгені құрайды.

Нурбанктің Баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 2 599 710 *5465
www.nurbank.kz

10.12.2012