ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 2012 жылғы 28 қараша
«Нурбанк» АҚ халықаралық төлем жүйесі MasterCard төлем карталарын шығару және қызмет көрсетуді бастағанын хабарлайды.
Халықаралық төлем жүйесі MasterCard — әлемдегі жетекші халықаралық төлем жүйелерінің бірі, төлемдер мен технологиялар саласында жұмыс істейтін жаһандық компания. Ол әлемнің 210-нан астам еліндегі тұтынушыларды, қаржы институттарын, сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік ұйымдарды байланыстыратын ең жылдам төлем өңдеу желісін басқарады.
«Қызметтерді кеңейту және клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін біз қуана жаңа „Master Card“ карталар жиынын ұсынамыз. Біздің үшін карталық өнімдерді дамыту маңызды бағыт болып табылады, сондықтан біз халықаралық төлем жүйелерінің „MasterCard“ және „Visa“ карталарын ұсынамыз, олар біздің клиенттеріміздің қаржылық ыңғайының ажырамас бөлігі болады» — деді «Нурбанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рауан Даукенов.
Ақпарат үшін:
Бүгінгі таңда «Нурбанк» АҚ банктік қызметтердің барлық спектрін ұсынады. Банк филиалдардың кең желісін құрды: 16 филиал және Қазақстанның барлық негізгі өңірлерінде 54 әмбебап банктік қызмет көрсету орталығы мен филиалдардың қосымша ғимараттары.
Қазіргі уақытта «Нурбанк» шығарған халықаралық төлем жүйесі Visa International пластик карталарының эмиссия көлемі 300 мың картадан асты. Нұрбанк Visa International халықаралық төлем жүйесінің толыққанды қатысушысы (Principal Member) болып табылады.
«Нурбанк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
www.nurbank.kz