ШОБ-қа кім мейірбан?

ШОБ-қа кім мейірбан?

Рауан Дәукенов«Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дәукенов Рауан Серікович nevopros.kz сайтына арнайы берген сұхбатында тұтыну нарығы мен ШОБ туралы айтып берді.

1. Бүгінгі күні тұтыну нарығының жағдайы қандай?

Қазақстандағы тұтыну кредиттеу нарығы бүгінгі таңда қарқынды дамуда. Клиенттер арасында тұтыну кредиттеріне деген сұраныс қайта арта түскен, өйткені банктер тұтыну кредиттерінің шарттарын біраз жеңілдетті – талаптар, мерзімдер, мөлшерлемелер.

2. Нұрбанктің тұтыну нарығындағы жағдайы қалай?

Бүгін көптеген банктер тұтыну нарығында жеке тұлғаларға кепілсіз несие ұсынады. Таңдау кең болғандықтан, қолайлы әрі тиімді шарттарды таңдау оңай емес. Нұрбанк керісінше, клиенттерге ең жақсы шарттармен кепілсіз тұтыну кредиттерін ұсынады, несие сомасы 5 млн. теңгеге дейін, бұл Қазақстанның банктері ұсынатын кепілсіз кредиттер бойынша ең ірі сомалардың бірі, сонымен қатар тиімді сыйақы мөлшерлемелері – жылдық 16%-дан (ЖТМ – 20,62%-дан).

3. Кепілді тұтыну кредиттері мен кепілсіз несиелердің айырмашылығы неде?

Олардың негізгі айырмашылығы – кепілдің бар/жоқтығы, құжаттарды рәсімдеуге кететін уақыт, кредит сомасының максималды мөлшері және кредиттік сыйақы. Жеке тұлғаларға тұтынушылық қажеттіліктерге берілетін кішігірім сомалы кепілсіз несиелерді құжаттарды рәсімдеу оңайлығы, шешім қабылдау уақытының қысқалығы ерекшелейді. Әдетте, кепілсіз несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелері кепілдіктерге қарағанда жоғары болады, себебі банктер кепілсіз несие берген жағдайда айтарлықтай тәуекелге барады.

Кепілсіз несиелерден басқа, Нұрбанк жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы тұтыну мақсаттарына арналған несиелерді ресімдейді, несие сомасы 30 млн. теңгеге дейін жетеді (жартылай табысты растауға дейін – 10 млн. теңгеге дейін). Бұл кредитті жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жөндеу, мереке, турсапар, автокөлік, тұрмыстық техника сатып алу және басқа тұтынушылық мақсаттар үшін тиімді шарттармен ала алады. Мақсатты растау талап етілмейді, кірісті жартылай растауға болады.

4. Нұрбанкке қандай тұтынушылық несие берілмейді, қандай клиенттен бас тартуы мүмкін?

Банк жиі клиенттен бас тартуға мәжбүр болады, егер клиент берген мәліметтер, оның ішінде кіріс және кредиттік тарих шындыққа сәйкес келмесе.
Клиенттің жасына және еңбек өтіліне сәйкес келмеуі де несие беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, Нұрбанкте тұтынушылық несие 23 жастан асқан, 58 жасқа дейінгі әйелдерге, 63 жасқа дейінгі ерлерге, жалпы жұмыс өтілі кем дегенде 6 ай болған жағдайда беріледі.

Несиеден бас тартудың жиі кездесетін себептерінің бірі – адамның ресми расталған табысының болмауы. Біздің банкте жылжымайтын мүлікті кепілге қоюмен тұтынушылық несиені алуға болады, кірісті жартылай растауға болады.

5. Бүгінгі күні ШОБ сегментінде жағдай қалай? ШОБ кредиттеу нарығында қандай принципті өзгерістерді байқайсыз ба?

ШОБ субъектілеріне қаржылық көмек көрсету банктер үшін перспективалы және табысты қызмет болып табылады. Әсіресе, кредит берушілердің осы бағыттағы қызығушылығы экономикалық нарықтағы тұрақтылықтың артқан кезеңінде байқалады. ШОБ бизнесті кредиттеу нарығындағы белсенділік экономиканың қалпына келуімен байланысты, бұл жағдайда коммерциялық және мемлекеттік кредиттік құрылымдар арасындағы бәсекелестіктің артуы байқалады. Банктердің кәсіпкерлерге кредит беру өнімдерін ұсынуының артуымен қоса, несие беру шарттарында кейбір өзгерістер пайда болды. Ең алдымен, бұл банктердің борышкерлерге қойылатын талаптарының біршама жеңілдегені және ШОБ субъектілеріне берілетін несиелер мөлшерлемелерінің төмендеуі байқалады. ШОБ сегментінің қажеттіліктерін ескере отырып арнайы әзірленген жаңа кредит беру бағдарламалары нарыққа енгізіліп, банктер ШОБ клиенттеріне қосымша қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейте бастады.

6. Сіз мемлекет тарапынан ШОБ кредиттеуін дамытуға қызығушылықты сезінесіз бе?

ШОБ кредиттеу нарығына мемлекет қаржылық ұйымдарының үлкен ықпалы бар, олар бірнеше кредиттік бағдарламалар бойынша ШОБ сегментін төмендету және жұмыс істеп тұрған бизнесті жақсарту жөніндегі ұсыныстарды белсенді түрде көтермелеуде. Экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың аясында мемлекет тарапынан кредит көлемін азайту бағытында ШОБ үшін бағдарламалар осы үрдіске 2008 жылдан бері баса назар аударылды. Банкте ШОБ кредиттеуге арналған мемлекеттік қолдау тетіктері белсенді түрде жүзеге асырылуда, мысалы «Бизнестің жол картасы 2020», ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы жүзеге асырылатын субсидиялау бағдарламасы, ШОБ сегментін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламалары.

7. ШОБ-ты кредиттеу нарығында Сіздің банкіңіздің қандай бәсекелік артықшылықтары бар?

Банк ШОБ сегментіне белсенді кредит беру саясатын жүргізеді. Осы мақсатта біз қаржыландыру шарттарына өзгерістер енгізу және оларды бәсекелес банктер ұсынатын шарттарға сәйкес келтіру жөнінде бірқатар іс-шаралар өткіздік. Нәтижесінде, Банктің ШОБ клиенттеріне арналған кредиттік бағдарламалары қаржылық қызметтер нарығында бәсекеге қабілетті және тартымды шарттарға ие. Сондай-ақ, заемшылардың кредиттік белсенділігін ынталандыру ШОБ үшін мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламаларға қатысу сияқты мүмкіндіктің арқасында жүзеге асырылады, бұл біздің клиенттерге қаржыландыру мерзімдерін ұзартуға және пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Банкте ШОБ Клиенттеріне арналған түрлі акциялар белсенді жүргізілуде. Бізде ШОБ клиенттеріне барынша икемді көзқарас бар.

8. Сіздің банкіңіз стартап жобалармен жұмыс істей ме? Сіздің ойыңызша, банктер жаңадан бастау алған кәсіпкерлерді қаржыландыруы керек пе?

Көптеген қаржы институттары ұсынатын танымал кредиттік өнімдердің бірі – нөлден бастап кіші және орта бизнеске арналған кредит. Қазіргі уақытта кіші және орта бизнес нөлден кредит беру бағдарламалары ұсынылатын, бар болған жағдайда шектеулі компаниялар саны бар. Біздің елдегі кіші және орта бизнес объектілерінің саны өте көп және олардың көпшілігі нақты қаржы қажет ететіндігін атап өткен жөн. Бұл, банктер үшін кеңістік ашуда сияқты көрінсе де, бастамашылық кәсіпкерлікті тексеру жоғары тәуекелдердің болуына орай несие берушілерді кіші және орта бизнеске несиелерді ұсынуға өте таңдамалы қарауға мәжбүр етуде.

Жаңа бизнеске арналған несиенің тәуекелдері банкте әлеуетті заемшының жұмыс жоспарын ұсынумен ғана өтемденуі мүмкін емес, тіпті кәсіпқойлық дайындала тұрса да, егер оның барлық нюанстарын қамтуға ниеттелсе де, іс жүзінде болашағы белгісіз болып қалуы мүмкін. Тұрақсыз жергілікті нарық жеткілікті перспективті идеялардың жүзеге асыру барысында пайда болу мүмкіншілігінен айрылатынын растайды. Және мемлекетпен бірлесе отырып енгізілген, ағымдағы жылы Бизнес 2020 жол картасы бағдарламалары бойынша стартап жобаларды несиелендіру сегментінде фандрайзинг пайда болуына кейбір һадиси ықпалын тигізді. Осыған байланысты, банк қазіргі уақытта жаңадан бастау алған кәсіпкерлердің өтінімдерін қарауға арналған іс-шаралар өткізуде.

Нарыққа жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге банктардың қаржыландыруына қажеттілігі ескере отырып, әрине, банктер осы сегментті қаржыландыруы керек, бірақ бар тәуекелдерді жабу үшін мұндай қаржыландыру және болашақта мемлекеттің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс — бұл займдарды кепілдік механизмдері арқылы ішінара/толық кепілдік беру бағдарламалары арқылы немесе меценат қосу арқылы жаңадан бастау алған кәсіпкерлерді қолдаудың өзге де механизмдері арқылы жүзеге асырылады.

Материалға сілтеме: http://nevopros.kz/ru/news/371-kto_blagosklonen_k_msb/

02.10.2012