Жыл басынан бері Нұрбанк жақсы қаржылық нәтижелер көрсетіп келеді. Көптеген банк мамандарының айтуынша, бұл кризистен шығумен және банк қызметінің барлық бағыттарын кешенді оңтайландыру стратегиясын жоспарлы жүзеге асырумен негізделген. «Нұрбанк» АҚ бүгінгі күнде қалай дамып жатқандығы туралы басқарушы директор Мәксүт Тенбаев айтып берді.
— Мәксүт Тлекенұлы, бүгінгі күні «Нұрбанк» АҚ қызметі қалай дамып жатыр?
— Банктің саясаты өнімдер қатарын дамыту мен кеңейтуге бағытталған. Клиенттердің ауқымды спектрі — корпоративті және бөлшек, шағын және орта бизнес клиенттері саны артып, банктің қызмет түрлері кеңеюде. Нұрбанк бірінші жартыжылдықта ХҚЕС бойынша өткен жылмен салыстырғанда 309,6 миллион теңге таза пайда көрді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ТМД банктері арасында 100-орынды иеленді. Бүгінгі таңда Нұрбанк — барлық экономикалық қызметінің бағыттары бойынша дүниежүзілік стандарттарға қарай адымдап келе жатқан болашағы зор қаржы институты.
— Red Star кредит картасы туралы айтып өтсеңіз?
— Red Star — мақсатсыз пайдалануы расталмаған тұтынушылық мақсаттарға арналған, лезде шығарылатын төлем картасына берілетін қайта жаңғыртылатын кредиттік лимит. Қайта жаңғыртылатын кредит ең алдымен кредиттік лимитті шектеусіз пайдалану мүмкіндігін береді, тек ай сайынғы төлемдерді уақытында өтеу керек. Осылайша, қайта жаңғыртылатын кредиттік лимиттің басты артықшылығы клиентке банкке қайта жүгінбей-ақ, қарызды толық өтегеннен кейін картадағы ақшаны қайта пайдалану мүмкіндігі беріледі.
— Қайта жаңғыртылудан басқа, осы өнімнің ерекшеліктері қандай?
— Ең алдымен, ақшаны сақтау ыңғайлылығы, сауда нүктелерінде, мекемелерде тауарлар мен қызметтерді төлеу ыңғайлылығы. Сондай-ақ, осы өніммен клиенттерге жыл 365 күн тәулігіне 24 сағат бойы кредиттік лимит қолжетімді, бұл несиелік қаражаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Толық немесе жартылай кредитті өтегенде, несиелік лимит өтелген қарыз мөлшеріне көбейеді, тағы да тауарлар сатып алу және қызметтер төлеу үшін пайдалануға болады. Кредиттік лимит 80 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін, жылдық пайыздық сыйақы төмен — 16 пайыздан бастап.
Сонымен қатар, біз бүгінгі таңда клиенттің ай сайынғы төлемді өздігімен есептеу рәсімін жеңілдететін «SMS-ақпараттандыру» қызметіне қосылуды ұсынамыз — нақты сома автоматты түрде есептеліп, SMS түрінде клиенттің мобильді телефонына келеді. Сонымен қоса, банкке қосымша жүгінбей-ақ, клиент бірнеше рет банктік картаның кредиттік ресурстарын пайдаланып, қарыз қаражаттарын пайдаланып, мақсатты пайдаланусыз, белгілі кредиттік лимиттің мерзімін автоматты түрде ұзартылады. Процент клиенттің әдетте ақшаны нақты алу кезінде пайдаланған сомасына ғана есептеледі. Өтеу схемасы өте қолайлы — ай сайын пайдаланған кредит сомасының 5 пайызы және сыйақымен бірге өтеледі.
— Клиенттерге қойылатын жалпы талаптар қандай?
— Red Star пайдалану үшін ниетті адамның кемінде 23 жаста болуы керек, сонымен қатар, кредитті өтеген кезде зейнеткерлік жастан аспайтын болуы керек. Клиенттің тұрақты табыс көзі болуы тиіс. Картаға кредиттік лимит белгілеу үшін өтініш екі күнде қарастырылады.
Бұдан бетер, банк «Атамекен» зейнетақы қорының салымшылары мен «Нұрбанк» АҚ карточкаларына жалақы алатын жеке тұлғалар үшін жеңілдетілген кредиттеу шарттарын қарастырады.
— Бүгінгі таңда бөлшек кредиттерге сұраныс қандай?
— Бөлшек кредиттерге сұраныс айтарлықтай артты және 2008–2010 жылдарға қарағанда өсуін көрсетуде. Бұл банктің бәсекелестік жоғарылығымен байланысты, мұндағы екінші деңгейлі банктер сыйақы мөлшерлемесін, комиссия көлемін төмендетеді және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын жақсартады. Алайда, дағдарысқа дейінгі кезеңдердегі сұраныс динамикасымен салыстырғанда жоғары динамика болмайды.
— Банк жақын арада бөлшек үшін жаңа өнімдерді шығаруды жоспарлап отыр ма?
— Әрине, жоспарлап отыр. Біз өнімдер қатарын кеңейтуді, клиенттер үшін шарттарды жақсартуды, сонымен қатар жеңілдетілген шарттармен акциялар өткізуді жоспарлаудамыз. Жақында ғана «НұрКредит» өнімінің (шұғыл қажеттіліктерге арналған кепілдік кредит) сыйақы ставкалары төмендетіліп, қазір 14 пайыздан жылдық басталды.
Материалға сілтеме: http://www.np.kz/index.php?newsid=9512