Ай бойы нұрбанқ қызметкерлері №1 Бағанашыл балалар үйіне сыйлықтар дайындап, киім-кешек, ойыншықтар және ақша алып келді. Ақыры, 31 мамырда банк қызметкерлері Бағанашыл ауылындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Балаларға киім-кешек, ойыншықтар, роликтер, кітаптар және тағы басқаларды сыйлады, сондай-ақ ең кішкентай балалармен аздап ойнады.
Іс-шарада Басқарма Төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов баяндама жасап, тәрбиеленушілерге және тәрбиешілерге денсаулық, табыс, гүлдену, мақсаттарына жету, өмір жолында көп жылу және сәттіліктер тіледі. Р.Дәукенов сыйлықтарды таратуға белсенді қатысты. Балалар сыйлықтарға шын жүректен қуанған еді – өйткені мұндай сирек болады!
Нұрбанқ қызметкерлері жинаған ақшадан балалар үйінің екі футбол командасының ойыншыларына форма – жейделер және шортылар, шұлықтар, бутсы, қақпашыға арналған қолғаптар, сондай-ақ футбол доптары тарту етілді. Балалар бұл жағдайға мәз болысты! Мерекенің соңында кішігірімдер шапалақ ұрған қолдауымен "Чунга-Чанга" деген би биледі. Барлығы көпшілік сабын көпіріне арналған шоуға қызықты!
1 маусым күні Нұрбанк Cherpіn Cinemas кинотеатрлар желісінің қолдауымен №2 балалар үйі және №8 арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаты тәрбиеленушілері үшін "Тарбозавр 3D" мультфильмінің тегін көрсетілімін ұйымдастырды.
Балаларға сусындар, чипсы, печенье берілді. Мультфильм барлығына ұнады, балалар көптен-көп жағымды эмоциялар алды.
Ақпарат үшін:
2008 жылдан бастап Нұрбанк ТК "КТК" кооперациясында жетім балаларды асырап алуды насихаттайтын әлеуметтік "Үйге жол" жобасының серіктесі болып табылады. Жобаның басты мақсаты - жетім балаларға жаңа отбасы табуға көмектесу. "Үйге жол" жобасы арқасында Алматы қаласында 2011 жылы 175 жетім бала қазақстандық азаматтармен және 16 бала шетелдік азаматтармен асырап алынды. Қазіргі таңда 300-ден астам бала жаңа отбасыларын тапты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |