БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы
2012 жылғы 8 мамыр
Нұрбанк 2011 жылғы қызметінің нәтижелерін қорытындылап, халықаралық стандарттарға сай дайындалған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады. Аудит Ernst & Young компаниясы тарапынан жүргізілді. Nurgroup қаржылық тобының қазіргі құрамына банк пен оның еншілес ұйымдары кіреді:
2012 жылдың 1 қаңтарына «Нұрбанк» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының активтері 267 815 млн теңгені құрап, 2011 жылы 18 289 млн теңгеге немесе 6,4%-ға азайды. 2011 жылы «Атамекен» ЖЗҚ АҚ-ның жарғылық капиталы 1 925,6 млн теңгеге ұлғайды. Банктің қордағы жарғылық капиталдағы үлесі 87%-дан 94,7%-ға дейін өсті.
«Нұрполис» АҚ-да 2011 жылы жарғылық капитал 550 млн теңгеге ұлғайды. Банктің еншілес ұйымдарының (шекарадағы «Атамекен» ЖЗҚ АҚ) жарғылық капиталындағы үлесі 100% құрайды.
Мажоритарлық үлесті ескермей меншікті капитал 1 030 млн теңгеге немесе 1,5%-ға ұлғайды. Мажоритарлық үлесті ескере отырып, «Нұрбанк» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының салық салудан кейінгі таза пайдасы 469 млн теңге (мүтесіз үлесті ескермей — 33 млн теңге), алдыңғы кезеңде шығын 69 174 млн теңгені құраған болатын.
2012 жылғы 1 қаңтарға қолма-қол қаражат және оның баламалары 24 619 млн теңгені құрап, 2011 жылы 31 352 млн теңгеге азайды.
Корпоративтік кредиттік портфель 8% деңгейіндегі өсім көрсетті, нәтижесінде клиенттерге берілген заемдар 196 726 млн теңгені құрап, есепті кезеңде 3,3%-ға ұлғайды. Активтердегі заемдардың үлесі 2011 жылдың 1 қаңтарында 67%-дан есепті күні 73%-ға өсті.
2011 жылдың соңында кредиттік мекемелердегі қаражат 1 526 млн теңгені құрады.
2011 жылы инвестициялық бағалы қағаздар портфелі 20%-ға өсіп, 29 159 млн теңгені құрады, бұл Банктің активтеріндегі 11% құрайды. Өсудің басты көзі сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарды сатып алу болды.
2011 жылы клиенттердің қаражат көлемі 7,2%-ға (10 874 млн теңге) ұлғайып, 161 459 млн теңгені құрады. Пассивтердің үлесі 53%-дан 60%-ға өсті.
Есепті кезеңде шығарылған бағалы қағаздардың көлемі екі есеге жуық азайып, 21 283 млн теңгені құрады. Көлемнің азаюына Банктің маусым айында 3,9 млрд теңге және қазанда 20,5 млрд теңге сомасына бағалы қағаздарды өтеуі әсер етті.
«Нұрбанк» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының міндеттемелері 197 068 млн теңгені құрады және есепті кезеңде 19 399 млн теңгеге немесе 9%-ға азайды, бұған бұрын шығарылған Банктің бағалы қағаздарының өтелуі әсер етті.
Қазіргі уақытта Банк басқа ірі сыртқы міндеттемелерге ие емес, және сыртқы қарыз алудың Банктің қаржыландыру базасындағы үлесі ҚР-ның ең ірі 10 банктің ішінде ең төменгілердің бірі болып табылады. Банктің халықаралық инвесторлар алдындағы сыртқы міндеттемелерінің толық көлемде уақытылы орындалуы Банктің жеткілікті өтімділік деңгейі мен сенімділігін көрсетеді.
2011 жыл жаңа тәсілдердің нәтижесінде кредиттеу құнының төмендеуі әсерінен кредиттердің сапасының айтарлықтай жақсаруымен сипатталды.
«Біз болашақта өз клиенттерімізге сапалы өнімдер мен қызметтерді дамытуға инвестиция салуды артық көріп, орташа-консервативті саясатты ұстанатын боламыз, — деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхтар Идрисов.
Қазіргі уақытта «Нұрбанк» АҚ 16 филиалы және Қазақстанның барлық негізгі өңірлерінде 56 әмбебап банк қызмет көрсету орталықтары және филиалдар қосымша ғимараттарынан тұратын филиалдар желісін құрды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің деректеріне сәйкес активтердің көлемі бойынша Нұрбанк Қазақстанның банк жүйесінде 12-ші орынды иеленеді (2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша).