2012 жылғы 21 сәуірде «Нұрбанк» АҚ «жасыл» сенбілік өткізді, оның аясында Алматы қаласындағы Іле Алатауының Алма-Арасан шатқалында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы шара өтті. Шараға банктің 150 қызметкері және Алматы қаласы № 8 интернат-мектебі, «Жан ұя» мамандандырылған кешені, № 1, № 2 балалар үйінің 40 тәрбиеленушісі қатысты.
«Өмірінің қиын кезеңін бастан өткеріп жатқан бұл балалар біздің көмегіміз бен қолдауымызға мұқтаж. Осындай қайырымдылық бастамалар балаларға отбасы қамқорлығын, қуаныш, мейірім мен махаббат сыйлауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов.
Банк қызметкерлері балаларды еңбекке және табиғатты қорғауға үйретіп, оларға сыйлықтар табыстады. Пикник кезінде түрлі жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды.