ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 2012 жылғы 19 сәуір
Нұрбанк 2012 жылғы 21 сәуірде «жасыл» сенбілік өткізетінін жариялады, оның барысында Банктің 16 филиалының қызметкерлері қаланың ең көп баратын орындарын жапырақтар мен қоқыстардан тазартады. Банк бастамасын барлық еріктілер қолдауға шақырылуда.
Банк қызметкерлері өз қалаларын таза әрі әдемі еткісі келеді. Акция елдің 16 қаласында өтіп, Қазақстанның айтарлықтай бөлігін қамтиды.
Сонымен қатар, «жасыл» сенбілік аясында Алматы қаласындағы Зайлийский Алатаудағы Алма-Арасан шатқалында ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арнайы іс-шара ұйымдастырылады. Іс-шараға Банктің 150 қызметкері және Алматы қаласындағы «Жан ұя» кешені, №8 интернат мектеп, №1, №2 балалар үйінің 40 тәрбиеленуші қатысады.
«Бұл балалар қиын өмірлік жағдайда қалып, біздің көмегіміз бен қолдауымызға ең мұқтаж. Осындай қайырымдылық қолдаудың бастамасы арқылы балаларға отбасының, қуаныштың, қамқорлық пен сүйіспеншіліктің сезімін сыйлауға болады», - деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов.
Банк қызметкерлері балаларды еңбекті және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті үйретеді, оларға сыйлықтар тапсырады. Пикник кезінде әртүрлі жарыстар мен ойындар өткізіледі.
Ескерту: Сенбілікке қатысқысы және қатысқысы келетін журналистерге және теледидар арналарынан түсірілім тобтарын нақтылап өз аты-жөндерін алдын ала хабарлауды сұраймыз.
Байланыс тұлғалары: Айгүл Қасенова
АҚ «Нұрбанк» баспасөз-хатшысы
тел. +7 727 2 599 710, сот. +7 701 (707) 132 59 69, электронды пошта: akassenova@nurbank.kz