БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы
15.02.12
«Нұрбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің өткен мәжілісінде басқарманың жаңа төрағасы болып Идрисов Мұхтар Ұзақбаевич сайланды, ол 2012 жылдың 13 ақпанында ресми түрде лауазымына кірісті.
Мырза Идрисов Директорлар кеңесіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді және Нұрбанктің жұмыс қағидаттары өзгеріссіз қалатынын, Банктің миссиясы мен құндылықтарына — айқындылыққа, ашықтыққа және кәсіпқойлыққа негізделетінін атап өтті.
Қазіргі уақытта Нұрбанк орташа-консервативті дамыту саясатын ұстануды жалғастыруда, ішкі қаржыландыру көздеріне, активтердің орташа өсуіне, сапалы өнімдер мен қызметтерді дамытуға инвестиция салуға басымдық береді.
Қазіргі сәтте Банк ірі халықаралық қарыздық міндеттемелерге ие емес, және де Банктің қаржыландыру базасында сыртқы қарыздардың үлесі Қазақстан Республикасының 10 ірі банкі арасында ең төменгі деңгейде. 2011 жылы «Нұрбанк» АҚ-тың акциялары мен облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) «А» санатының ресми тізімінде саудалана отырып, 2006 жылы шығарылған, жылдық купоны 9,375% болатын, 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бесжылдық еурооблигацияларды жоспарлы түрде толық төлеуді жүзеге асырды. Бұл төлем Банктің меншікті қаражатынан жүргізілді.
Консолидирлік қаржылық есеп беру мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша таза табыс 794,7 млн теңгені құрады. 2011 жылдың 1 шілдесі жағдайы бойынша активтер — 308,8 млрд теңге, меншікті капитал — 71,2 млрд теңгені құрады.
Нұрбанкте республикадағы барлық өңірлік орталықтарында орналасқан 16 филиал мен 54 әмбебап банктік қызмет көрсету орталығы мен қосымша филиал ғимараттары бар
Анықтама:
«Нұрбанкке» келмес бұрын, Идрисов мырза Мәскеу қаласындағы Москоммерцбанктің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ Халық Банкі басқарма төрағасының орынбасары лауазымын иеленді.
Сонымен қатар, ол «АЛМЭКС» ЖШС-де қаржы сарапшысы болып қызмет атқарған, «Алматы Халықаралық Әуежайы» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің мүшесі, сондай-ақ «Казкоммерцполис» АҚ-ның және «Казкоммерцлайф» АҚ-ның тәуелсіз директоры болып есептелген.
Идрисов мырза Санкт-Петербург мемлекеттік университетін тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.