«Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі — Банк) өз акционерлеріне 2011 жылдың 02 мен 09 желтоқсан аралығында Банк артықшылықты акциялар бойынша (НИН — KZ1P33110118) 2010 жылға дивиденд төленгенін хабарлайды.
Дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімі 2011 жылдың 01 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес жасалды.
Бір артықшылықты акцияға есептелген дивиденд мөлшері 1000 (бір мың) теңгені құрады.
Төленген дивидендтердің жалпы сомасы 225 695 000 (екі жүз жиырма бес миллион алты жүз тоқсан бес мың) теңгені құрады.