Құрметті клиенттер!
"Нұрбанк" АҚ сіздерге ескертеді: несие алуға көмектесеміз деп уәде беруші алаяқтардың айла-тәсілдеріне түспеңіз!
Банк несиесін беру туралы шешім тек банктің өзінде қабылданады. Егер кімде-кім сізге ақша алу үшін делдал болу ұсынысымен жүгінсе - бұл алдау! Алаяқтарға сенбеңіз және "делдалдық қызметтер" үшін ешқандай ақы төлемеңіз!
Егер сіз несие алуға көмек көрсету туралы ұсыныстарға тап болсаңыз, бізге тегін 8 8000 800 900 телефоны арқылы немесе cc@nurbank.kz электрондық поштасына хабарлаңыз.
Сақ болыңыз және ақшаңызды қорғаңыз!
Құрметпен,
"Нұрбанк" АҚ