Нурбанк бесжылдық еурооблигациялар бойынша эмитенттің ауысуы туралы хабарлады

Нурбанк бесжылдық еурооблигациялар бойынша эмитенттің ауысуы туралы хабарлады

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы
2011 жылғы 14 ақпан

Нурбанк бесжылдық еуробондтар бойынша эмитенттің ауысуын жариялады, нәтижесінде банк өзінің еншілес ұйымы Nurfinance B.V.-ден аталған облигациялар бойынша барлық міндеттемелерді қабылдады, бұл қатысушы тараптар қол қойған тиісті құжаттардың шарттарымен бекітілген (Paying Agency Agreement, Trust Deed).

Еске салсақ, 2006 жылы Нурбанк $150 млн сомасына еурооблигацияларды орналастырды. Эмитент ретінде Nurfinance B.V. (Роттердам, Нидерланды) — Нурбанктың бесжылдық халықаралық облигацияларын шығару үшін арнайы құрылған компания болып табылды. Купонды сыйақысы 9,375% еурооблигациялар осы жылдың қазанында өтелуге жатады.

Эмитентті ауыстыру туралы шешім Лондонда өткен жылдың тамызында өткен кезектен тыс жиналысында нот иелері тарапынан мақұлданды.

Нурбанк басқарма төрағасының орынбасары Рауан Даукеновтың айтуынша, бұл қадам қолданыстағы заңнаманың қамтамасыз етуімен салықты оңтайландыру мүмкіндігімен негізделген.1 «Қазақстан қор биржасының Листинг комиссиясының шешімімен біздің қарыздық бағалы қағаздарымыз KASE ресми тізіміне енгізілді. Осылайша, біздің банк тек белгілі бір салық жеңілдіктерін пайдалануға ғана емес, сонымен қатар ноттардың өтімділігін арттырып, Қазақстанның ішкі нарығындағы биржалық мәмілелер көлеміне оң әсер етеді», — деп атап өтті мырза Даукенов.

1 ҚР жаңа Салық Кодексі «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы» 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды төлеу кезінде қазақстандық көзден ұсталатын салық мөлшерінен босатуды қарастырады, осы сыйақы есептелген күні ҚР аумағындағы қор биржасының ресми тізімінде тұрған.

14.02.2011