Жай акцияларды орналастырудың аяқталғаны туралы хабарлама

Жай акцияларды орналастырудың аяқталғаны туралы хабарлама

«Нурбанк» акционерлік қоғамы (9 қараша 2004 жылғы № 3868-1900-АО мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі) (бұдан әрі — Банк), мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51–53, «Нурбанк» АҚ акционерлері өзінің басым құқықтарын пайдалана отырып, жай акцияларды орналастырудың аяқталғаны туралы хабарлайды.

«Нурбанк» АҚ жай акциялары акционерлерге басым құқықтарын жүзеге асыру шеңберінде сатуға ұсынылды, саны 10 198 464 (он миллион жүз тоқсан сегіз мың төрт жүз алпыс төрт) дана (НИН КZ1С33110012) 2010 жылғы 26 қарашадан 26 желтоқсанға дейінгі кезеңде бір жай акция үшін 13 000 теңге бағасымен.

Басым құқықтарды жүзеге асыру мерзімі барысында «Нурбанк» АҚ 7 349 635 жай акцияларын қолданыстағы акционерлер арасында орналастырды, бір жай акция үшін 13 000 теңге бағасымен жалпы 95,5 млрд теңге сомасына.

Акцияларды орналастыру нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 129,6 млрд теңге болды, ал орналастырылған жай акциялардың жалпы саны 10 526 728 дана.

27.12.2010