Осы арқылы «Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №3868-1900-АҚ, 2004 жылғы 9 қараша) (бұдан әрі – Банк), мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51–53, ҚР «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңының 16-бабына сәйкес өз акционерлерін Банктің орналастырылатын (сатылатын) қарапайым акцияларын сатып алу мүмкіндігі туралы хабарлайды, олардың шығарылымы 2010 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде №А3311 тіркелген, олардың басымдықты сатып алу құқығы келесі шарттар бойынша:
Басымдықты сатып алу құқығы бар акционерлер Банктің қарапайым акцияларына иелік етеді. Аталған акционерлер орналастырылатын акцияларды Банктің қарапайым акцияларының санына пропорционалды түрде сатып ала алады. Орналастырылған акциялар (Қоғаммен кері сатып алынғандар шегерілген) санының орналастырылатын (сатылатын) акциялар санымен қатынасы 1: 3,210703958 (қарапайым акциялар).
Банктің орналастырылатын акцияларын сатып алу басымдықты құқығын пайдалану мерзімі осы хабарландыры жазбаша түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды. Егер баспалық жарияланымдардағы хабарлама жариялану мерзімдері әртүрлі болса, онда сатып алу құқығының мерзімі соңғы жарияланымды жариялау күнінен басталады.
Акцияларды сатып алу тапсырысының формасы Банктің www.nurbank.kz корпоративтік сайтында орналасқан. Тапсырыс беруші – жеке тұлға өз құжатын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосымша беру қажет.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісін немесе басқа ақпаратты танысу үшін:
Қоғамның өкіл агентіне тапсырыстар беру: «ДО АО «Нұрбанк» «Money Experts», 050010, Алматы, Республика алаңы, 13, 204-кеңсе, тел.: +7 (727) 2666–053 (Шайхиева Ляззат Кынатовна).