Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру

Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру

Нұрбанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк, мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АҚ 2004 жылғы 9 қараша), мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51/53, «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 30 шілдедегі отырысында қабылданған шешімге сәйкес Банк акционерлеріне Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналыс 2010 жылдың 03 қыркүйегінде сағат 10–00-де Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51/53 мекен-жайында өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 09–00-де басталады.

Бірінші жиналыста кворум болмаған жағдайда, қайталап өткізілетін жиналыс 2010 жылдың 06 қыркүйегінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайда дәл сол уақытта өтеді.

Күн тәртібі:

  1. «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау.
  2. «Нұрбанк» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлер тізімі 2010 жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалды.

03.08.2010