Нұрбанк директорлар кеңесінің құрамының өзгеруі

Нұрбанк директорлар кеңесінің құрамының өзгеруі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы
2010 жылғы 18 маусым

8 маусымда өткен Нұрбанктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Қазіргі уақытта оның құрамына Раушан Ержанова — директорлар кеңесінің төрағасы, Эдуард Креймер және тәуелсіз директор Марина Семенова кіреді. Бұрынғы директорлар кеңесінің өкілеттігі, құрамында Нұрали Әлиев (төраға), Дариға Назарбаева, Думан Сеитов, Раушан Ержанова (тәуелсіз директор) және Бектас Мұхамеджанов (тәуелсіз директор) болған, мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осы жиналыста банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлемеу туралы шешім қабылданды.

Ержанова Раушан Зейнуллаевна, «Виктория» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. Ол Алматылық архитектуралық-құрылыс институтында (инженерлік-құрылыс мамандануы және өндірістік жылу энергетикасы) және Орталық Азия университетінде (қаржы және несие) білім алған. Техникалық ғылымдардың кандидаты.

Креймер Эдуард Львович, KSP Steel директоры. Сәтпаев атындағы Қазақ политехникалық институтында (инженер-экономист) білім алған. Экономикалық ғылымдардың кандидаты.

Семенова Марина Анатольевна, «Дар Орталығы» АҚ атқарушы директоры, директорлар кеңесінің мүшесі. Мәскеу еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын (қаржы және несие, банк ісі) тәмамдаған.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына кіреді және бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша сегізінші орынды алады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Нұрбанктің активтері 295 млрд теңгені, меншікті капиталы — 45 млрд теңгені, банктің кредиттік портфелі — 261 млрд теңгені құрайды.

18.06.2010