Құрметті клиенттер!
2010 жылғы 14 мамырда «Нұрбанк» АҚ, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, қалалық және облыстық әкімдіктер, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, АФК «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында серіктестік туралы келісімдерге қол қойды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын «Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және Қазақстанды 2020 жылға дейін дамыту Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін әзірленген.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты — шикізаттық емес секторларда өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құру.
I. Бірінші және үшінші бағыт шеңберінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес шарттар
1. Мақсатты топ — ЖЭҚ және Экспорттаушылар;
ЖЭҚ — Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген және экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлік субъектісі.
Экспорттаушы — экономиканың барлық секторларында өндірілген өнімнің 10%-дан астамын экспорттайтын жеке кәсіпкерлік субъектісі.
Бірінші бағыт «Бизнес-бастамаларды қолдау» шикізаттық емес экономика секторларындағы жобаларды ОКЭД және ГПФИИР басымдықтарына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады.
Үшінші бағыт «Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау» шет ел нарығына өнім экспорттайтын Экспорттаушыларды қолдауға бағытталған.
2. ЖЭҚ/Экспорттаушылардың субсидияланатын несиелері:
- бірінші бағыт бойынша: инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ өндірісті модернизациялау және кеңейтуге бағытталған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12% (он екі пайыздан) аспайтын жаңа несиелер және 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген несиелер;
- үшінші бағыт бойынша: өндірісті модернизациялау және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12% (он екі пайыздан) аспайтын қолданыстағы несиелер.
3. ЖЭҚ/Экспорттаушылардың субсидияланбайтын несиелері:
- акциздік тауарларды шығару жобаларына берілген несиелер;
- тура несие беруші мемлекеттік даму институттары болып табылатын несиелер;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес мониторинг жүргізілетін ірі салық төлеушілер тізіміндегі минералдық шикізатты қайта өңдейтін металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарына тиесілі ЖЭҚ/Экспорттаушылардың несиелері;
- субсидияланатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қаржы институттарымен берілген несиелер;
- кен өндіру өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға тиесілі Экспорттаушылардың несиелері.
4. Жобаға өз қаражатымен қатысу талаптары:
ЖЭҚ жобаға қатысуға кемінде 15% өз қаржысын немесе жобаға қатысуға кемінде 25% қозғалатын/қозғалмайтын мүлкін қамтамасыз етуі тиіс.
5. Бірінші бағыт бойынша субсидия мөлшері:
номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын несиелер бойынша, оның ішінде 7%-дан аспайтынын ЖЭҚ төлейді, ал 5% Қаржы агенті төлейді.
6. Үшінші бағыт бойынша субсидия мөлшері:
номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын несиелер бойынша, оның ішінде 4%-дан аспайтынын Экспорттаушы төлейді, ал 8% Қаржы агенті төлейді.
7. Субсидияланатын несиенің сомасы:
әр жобаға ЖЭҚ/Экспорттаушы бойынша 3 млрд. теңгеден аспауы керек. ЖЭҚ/Экспорттаушының жекелеген жобалары бойынша кредит (-тер) сомасы аффилиирленген тұлғалар/компаниялар бойынша қалыптасқан қарызды ескермей есептеледі. Егер жекелеген жобаға арналған ЖЭҚ/Экспорттаушының негізгі қарыз бойынша кредит (-тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса, ЖЭҚ/Экспорттаушы бір жобаға 3 млрд. теңге шегінде субсидиялау түрінде мемлекеттік көмек алу құқығын пайдалана алады.
8.Субсидиялау мерзімі:
1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейін, 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен.
9. Бағдарламаға қатысу үшін ЖЭҚ/Экспорттаушыға қойылатын міндетті талаптар:
- Өтініш беру кезінде салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың қарызының болмауы;
- ЖЭҚ/Экспорттаушының жобасы субсидияға бөлінетін қаражатты алу аймағында жүзеге асырылуы тиіс.
10. Субсидиялауды тоқтату негіздері:
- ЖЭҚ/Экспорттаушының банк несиелік шарты бойынша несие ақшасын мерзімінен бұрын толық өтеуі. Субсидиялау тоқтатылған күн болып, ЖЭҚ/Экспорттаушының банкке несие ақшасын толық қайтарған күні есептеледі;
- Уәкілетті органның шешімі бойынша.
11. Несие бойынша субсидиялар теңгемен беріледі.
(Несие шетел валютасында берілген жағдайларда, ол тек қана кәсіпкерді субсидиялау туралы хаттаманы қабылдау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген бағам бойынша теңгеге айырбасталған жағдайда субсидияланады).
II. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде, яғни «Үшінші бағыт» атты кәсіпкерлік секторды сауықтыру бойынша шарттар
1. Бағдарламаға қатысушылар:
- ОКЭД сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін және екінші деңгейлі банктер арқылы мемлекетік қаржылай қолдау алатын борышкерлер, Стабилизациялық және антикризистік бағдарламалар шеңберінде.
- Жалпы экономикалық қызмет түрлерінің сыныптауышы (ары қарай ОКЭД) бойынша экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін борышкерлер, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №683 бұйрығымен бекітілген Программаға №1 тіркемесіне сәйкес.
Бағдарламаға борышкерлері келе алмайды:
- металлургия өнеркәсібінде әрекет ететін, минералдық шикізатты қайта өңдеуге қатысты ірі салық төлеушілер мониторинг тізіміне кіретін борышкерлер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1344 қаулысына сәйкес;
- қаржылық-экономикалық жағдайы, несиелері мен басқа қарыздары бойынша толық ақпарат ашуға келіспегендер;
- Кредиторлар комитетімен Сауығу жоспарын келісу бойынша келісім жасамаған борышкерлер.
2. Субсидияланатын несиелер:
- мақұлдау сәтіндегі және жобаларды мақұлдау кейін пайда болған жаңа қарызға байланысты қолданыстағы кредиттік желі шеңберіндегі ағымдағы несиелер, номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12% -дан аспайды (он екі пайыз жылдық);
- Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №296 қаулысымен бекітілген резервтер (провизиялар) құру және активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу ережелеріне сәйкес жіктелген қолданыстағы несиелер субсидияланады.:
стандартты;
күдікті 1 санат;
күдікті 2 санат;
күдікті 3 санат;
күдікті 4 санат;
күдікті 5 санат;
—үмітсіз.
3. Субсидияланбайтын несиелер:
- акцизделетін өнімді шығару жобаларына берілген несиелер;
- қаржы институттарына ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша берілген және субсидияланған несиелер;
- несие беруші мемлекеттік даму институттары болып табылатын несиелер.
4. Бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушылардың өтініштерін қабылдау мерзімі
2010 жылдың аяғына дейін;
5. Субсидия мөлшері:
номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын несие заты, оның ішінде 7%-дан аспайтын және 5% Қаржы агенті төлейді.
6.Теңгемен берілетін несие
(Несие шетел валютасында берілген жағдайда, ол тек қана субсидиялау келісім-шартын жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген бағам бойынша теңгеге айырбасталған жағдайда субсидияланады).
7. Субсидияланатын несиенің сомасы:
әр жоба бойынша борышкерге 3 млрд. теңгеден аспауы керек. Борышцар борышының сомасы жекелеген борышкер жобалары бойынша аффилиирленген компания/тұлғалар бойынша борышты ескере отырып есептеледі. Жекелеген борышкер жобалары бойынша кредиттің жалпы сомасы (негізгі қарыздың қалдығы) 3 млрд. теңгеден асатын болса, борышкер бір жоба бойынша максимум 3 млрд. теңгеге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алу құқығын пайдалана алады. Егер жоба бойынша бір несие бойынша борыштың жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса, мемлекеттік комиссия борышкер жобасының маңыздылығы мен перспективалылығына қарай бағдарламаның екінші бағыты бойынша оның қатысуына шешім қабылдауға құқылы.
8. Субсидиялау мерзімі үш (үш) жылдан аспауға тиіс.
9. Субсидиялауды тоқтату негіздері:
- несие алушы банк несиесі шарты бойынша қарызды мерзімінен бұрын толық өтеуі. Субсидиялау тоқтатылған күн болып борышкердің банкке несие ақшасын толық қайтарған күні саналады;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің/Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша;
III. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде, екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несиенің бірінші бағыты аясында кепілдеме беру шарттары
1. Бағдарламаға қатысушылар: ЖЭҚ
2. ЖЭҚ-тың кепілдікке алынатын несиелері:
Банктер жаңа жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ өндірісті жаңарту және кеңейту жобалары бойынша беретін жаңа несиелер.
3. ЖЭҚ кепілдендірілмейтін несиелер:
- акцизделетін заттарды шығару жобаларына берілетін несиелер;
- айналым қаражаттарын толықтыруға берілетін несиелер, егер негізгі құралдарды сатып алу және/немесе жаңарту несиесі шеңберінде айналым қаражаттарын қаржыландыру жүзеге асырылған жағдайда, бірақ жалпы несие сомасының 20%-нан аспайды;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1344 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізімінде болуы керек.
4. Жобаға өз қаражатымен қатысу талаптары:
ЖЭҚ жобаны іске асыруға өз қаржысымен немесе 25% қозғалатын/қозғалмайтын мүлкімен жобаға қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
5. Максималды кепілдік мөлшері
несие сомасының 50% -ынан аспайды;
6. Кепілдік берілетін несие сомасы:
берілетін (-індер) несие бойынша кепілдік сомасы бір ЖЭҚ-тың жекелеген жобасына 3 млрд.теңгеден аспауы тиіс. Кредиттің (-тердің) сомасы әр ЖЭҚ жобасы бойынша аффилиирленген тұлғалар/топтардың қарыздарын ескерусіз жеке есептеледі. Егер ЖЭҚ үшін бір жобаға берілген кредиттің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса, ЖЭҚ 3 млрд. теңгеге дейінгі бір жобаға мемлекет тарапынан кепілдік қолдау алуға құқылы.
7. Максималды кепілдік беру мерзімі:
он жылға аспауы керек;
8. Бағдарламаға қатысу үшін ЖЭҚ-қа қойылатын міндетті талаптар:
- кешені есеп беру мерзімі үшін зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар мен салықтық қарыздарының жоқтығы;
- жоба кепілдікке бөлінген қаражаттар аумағында жүзеге асырылуы тиіс.