Нурбанк» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Нурбанк» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Нурбанк» акционерлік қоғамы, (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АО 2004 жылғы 9 қарашада берілген), мекенжайы: Алматы қ., Желтоксан көшесі, 168 «Б», «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 17 наурыздағы шешімі бойынша сізді Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі — Жиналыс) 2010 жылғы 29 сәуірге ауыстыру туралы хабардар етеді. Жиналыс 2010 жылдың 29 сәуірінде сағат 10-00-де Алматы қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 51–53 мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ ғимаратында өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 09-00-де басталады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2010 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.

Күн тәртібі:

  1. «Нурбанк» АҚ 2010 жылға банктік конгломераттың жылдық қаржылық есептілігін аудиттеу үшін аудиторлық ұйымды анықтау;
  2. «Нурбанк» АҚ 2009 жылдың нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
  3. 2009 жылдың нәтижелері бойынша «Нурбанк» АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2009 жылдың қорытындылары бойынша «Нурбанк» АҚ бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшерін бекіту;
  4. «Нурбанк» АҚ әрекеттеріне, оның лауазымды тұлғаларына акционерлердің өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы 2009 жылға есептілік;
  5. 2009 жылға «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы.

Бірінші жиналыста кворум болмаған жағдайда, қайталама жиналыс осы жоғарыда көрсетілген мекенжайда 2010 жылғы 30 сәуірде сол уақытта өтеді.

Жиналысты өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: Алматы қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 51–53, тел: 255-91-49 (Корпоративтік хатшы — Исламова Саёра).

26.02.2010