Құрметті «Нұрбанк» АҚ клиенттері!
«Нұрбанк» АҚ Сізді 2010 жылғы 13 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III ҚР Заңының 3-бабының 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес клиенттер досьесіне жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - ЖСН) және заңды тұлғалардың бизнес сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - БСН) туралы мәліметтерді жинау және енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
2010 жылғы 13 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында банктік шоттарды ашу, төлемдер және ақша аударымдары, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау кезінде тек ЖСН/БСН қолданылады және РНН мен СИК пайдалану тоқтатылады.
Сізден ЖСН/БСН бар екенін растайтын құжатты банкке ұсынуыңызды және банктік шот/депозит шартына қосымша келісімге қол қоюыңызды сұраймыз.
Егер:
Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар ЖСН болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, құжаттарды ауыстыруға өтініш беру қажет;
Заңды тұлғалар мен бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызмет атқаратын заңды кәсіпкерлік субъектілері үшін жаңа тіркеу куәлігін алу үшін тіркеуші органдарға жүгіну қажет.
Егер сұрақтарыңыз болса, Банк қызмет көрсету орталығына немесе банк филиалына, банк шот менеджеріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат және мөр болуы қажет (қолын мөрмен растайтын клиенттер үшін).
Төлемдер мен ақша аударымдарын тиімді жүзеге асыру мақсатында «Нұрбанк» АҚ Сізге жаңа реквизиттерді және олардың күшіне ену мерзімдерін Қазақстандағы және шетелдегі іскери серіктестеріңізге хабарлап, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы серіктестеріңіздің жаңа банктік реквизиттерін алуға кеңес береді.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз «Нұрбанк» АҚ Байланыс орталығына cc@nurbank.kz электрондық поштасына және телефондары бойынша хабарласуыңызға болады:
8 (727) 250-00-00
8 (727) 244-44-44 Алматы қаласының тұрғындарына арналған
8 8000 800 900 Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарына арналған,
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін