Нурбанк бес жыл мерзiмдiк теңгелiк облигацияларды шығарды

Нурбанк бес жыл мерзiмдiк теңгелiк облигацияларды шығарды

Баспасөз хабарламасы

Алматы

2010 жылғы 4 ақпанда Нурбанк жалпы сомасы 16 миллиард теңге көлемінде бес жылдық мерзіммен облигациялардың бағынбайтын шығарылымын жүзеге асырды. Аталған шығарылым Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігімен тиісті түрде тіркелген болатын.

Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Нурбанктің жаңа шығарылған облигацияларына «В2/теріс» ұзақ мерзімді бағасын тағайындады.

Бірінші айналым жылына купондық мөлшерлеме облигациялардың номиналды құнынан 12% жылдық мөлшерде белгіленген, ал екінші айналым жылынан бастап купондық сыйақы мөлшерлемесі жылына бір ретке (тиісті айналым жылына дейін) қайта қаралып, инфляция деңгейіне байланысты болады. Жаңа сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат облигация ұстаушыларына келесі купондық кезең басталар күнінен бір күн бұрын акционерлік қоғамның интернет-сайты мен акционерлік қоғам «Казахстанская фондовая биржа» интернет-сайтында орналастыру арқылы жеткізіледі.

Айналым басталу күні акционерлік қоғамның «Казахстанская фондовая биржа» ресми бағалы қағаздар тізіміне кіргізілу күні болып есептеледі. Бұл ақпарат қосымша жарияланады.

09.02.2010