Науқан өткізу ережелері
1. Жалпы шарттар:
1.1. Науқан өткізу аумағы – Қазақстан Республикасының қалалары, онда орналасқан филиалдар/АО "Нурбанк" банк қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай – Банк).
1.2. Науқан өткізу мерзімі: 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда.
1.3. Науқанға қатысушылар: Науқан өткізілетін мерзімде "SWIFT", "Золотая корона", "Юнистрим", "Contact" және "Western Union" жүйелері арқылы ақша аударымдарын жүзеге асыратын, Банктің клиенттері – жеке тұлғалар.
2. Сыйлықтарды ұтысқа шығару жеңімпаздарын анықтау:
2.1. Науқан аясында әр тоқсанның соңында (есеп беру кезеңі) 4 (төрт) сыйлықтар ұтыс ойыны жоспарлануда:
а) І тоқсан қорытындысы бойынша (ақпан-наурыз аралығы) – 2022 жылдың сәуірінде
б) ІІ тоқсан қорытындысы бойынша (сәуір-маусым аралығы) – 2022 жылдың шілдесінде
в) ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша (шілде-қыркүйек аралығы) – 2022 жылдың қазанында
г) IV тоқсан қорытындысы бойынша (қазан-желтоқсан аралығы) – 2023 жылдың қаңтарында
2.2. Науқанның сыйлық қоры: смартфондар, планшеттер, фитнес білезіктер, смарт сағаттар және Яндекс мини колонкалары.
2.3. Жеңімпазды анықтау, әрбір есеп беру кезеңінде қатысушылардың аударымдарының санымен шектелген таңдау диапазоны бар www.https://www.random.org интернет-ресурсындағы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жүзеге асырылады. Қатысушы, оның реттік нөмірі кездейсоқ сандармен сәйкес келген жағдайда жеңімпаз болып саналады.
2.4. Жеңімпаздар саны – әрбір есеп беру кезеңінің қорытындысы бойынша 27 (жиырма жеті) адам, науқанның жалпы өткізу кезеңінде 108 (жүз сегіз) адам.
2.5. Ұтыс ойынының нәтижелері Банктің интернет-ресурсында www.nurbank.kz жарияланады.
2.6. Ұтыс ойындары Банктің Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіледі.
2.7. Әрбір өткен ұтыстың жеңімпазы келесі ұтыста қатыспайды.
2.8. Сыйлық ақша баламасында берілмейді, басқа тауарға ауыстырылмайды.
3. Жеке деректер:
3.1. Науқанға осы Ережелерге сәйкес қатысу фактісі, қатысушының осы Ережелермен келісуін және Науқан өткізу үшін қажетті кез-келген әдіспен Банктің жеке деректерді өңдеуіне қатысушының келісімін растайтын болады.
4. Қосымша
4.1. Осы Ережелермен реттелмеген барлық жағдайларда Банк және Науқан қатысушылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
4.2. Науқан туралы ақпарат таратылады:
- Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында
- Банктің ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарында
- Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде, интернет желісінде