2009 жылғы 17 қазанда АҚ «Нурбанк» өз қаражаты есебінен еурооблигациялардың иелеріне алтыншы купондық сыйақысын төледі.
Бұл шығарылым 2006 жылғы қазанда орналастырылды, эмиссия сомасы 150 000 000 АҚШ долларын құрады, купондық сыйақы мөлшерлемесі - жылына 9,375%, өтеу мерзімі 2011 жылғы 17 қазан, купонды төлеу жиілігі — жылына екі рет.
Эмитент ретінде «Нурбанк» АҚ-ның еншілес компаниясы Nurfinance B.V. жұмыс жасады.
Еурооблигациялар (XS0269698246) Люксембург қор биржасының ресми бағалы қағаздар тізіміне енгізілген.
Купондық сыйақылардың жалпы төлем сомасы 7 031 250 АҚШ долларын құрады.