2009 жылдың 12-17 мамыр аралығында АО «Нұрбанк» басқарма төрағасы Марат Заиров Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Ислам Даму Банкінің президенті Доктор Ахмад Мохаммед Али Әл-Мадани, вице-президент Абдул Азиз Әл-Хинай, ИДБ-нің еншілес ұйымдарының басшылармен: Инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясы (ICIEC), Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (ICD), Халықаралық Ислам сауда-қаржылық корпорациясы (МИТФК) және бірқатар Сауд банктерімен кездесу өтті.
Ислам Даму Банкінің президенті Доктор Ахмад Мохаммед Али Әл-Мадани кездесуінде Марат Заиров Қазақстанның банк секторындағы қазіргі жағдайды, ҚР басшылығының нақты сектор экономикасын қолдау шараларын, Ислам қаржыландыруының даму перспективаларын, Халықаралық Ислам сауда-қаржылық корпорациясының несиелік желісін игеру барысын айтып берді. Өз кезегінде ИДБ Президенті Даму Банкі Нұрбанктің түрлі жобалар мен ынтымақтастық салалары бойынша ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарды сауда қаржыландыру аясындағы ынтымақтастық перспективалары, Қазақстан 2005 жылдан бері мүшесі болып табылатын Инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясы (ICIEC) арқылы несие желісін арттыру, Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (ICD) арқылы бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. ИДБ топтың басшылары Нұрбанктің Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды қаржыландыру бағдарламасы ерекше қызығушылықтарын танытты.
Нұрбанк Қазақстанның ең ірі он банкінің қатарына кіреді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілік нәтижелеріне сәйкес банк активтері 298,8 млрд. теңгені құрады, ал 2008 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш 198,7 млрд. теңге, депозиттік база 185,5 млрд. теңгеге жетіп, жыл бойына 126,7 млрд. теңгеге артты.