Нұрбанк «Даму» қоры мен жаңа келісімшарт жасасты

Нұрбанк «Даму» қоры мен жаңа келісімшарт жасасты

Несиелеудің бәсеңдеуіне қарамастан, Нұрбанк өткен жылдың соңынан бастап ШОБ несиелеу саласында тұрақты өсім көрсетіп келеді. Егер 2008 жылдың басында Нұрбанктің осы сегменттегі үлесі жалпы нарық көлемінің 2%-ын құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 5%-ға жетті, ал Нұрбанктегі шағын және орта бизнес секторының клиенттер саны бес есе өсті. Бұл қарқынды серпілісте «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастық маңызды рөл атқарды. 2008 жылдың тамызында Нұрбанк пен «Даму» қоры арасында 10 миллиард теңге ШОБ субъектілерін қаржыландыру туралы несие келісіміне қол қойылды, оның 50%-ы Нұрбанк және 50%-ы қор қаражаттары. Бағдарламаның басталғанынан бастап кәсіпкерлердің жоғары қызығушылығы тіркелді. Бұл ішінара «Даму» бағдарламасы бойынша несие алудың төмен пайызбен берілуімен түсіндіріледі. Нұрбанк тарапынан клиенттерге икемді қатынас және қызмет көрсетудің жоғары сапасы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бағдарламаның іске қосылған сәтінде Нұрбанк қызметкерлері ШОБ барлық мақсатты сегменттерге арналған тиімді өнімдерінің желісін әзірледі.

Нәтижелерді ұзақ күтпеді: Нұрбанк «Даму» бағдарламасы аясындағы қаражатты игеру мерзімінен бұрын толық игергендерінің бірі болды. Келісім бойынша банк қаражатты 2009 жылдың 15 ақпанына дейін игеруі керек еді, алайда Нұрбанк кейінірек шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қаражатты 2008 жылдың 25 желтоқсанына дейін орналастыру міндеттемесін алды. Бұл орындалды. Барлық несиелер жеңілдетілген 12,5% пайызбен берілді.

Мұндай сәтті бастаудың ынтымақтастықтың болашақ жоспарларына әсер етпеуі мүмкін емес еді. 2009 жылғы 14 ақпанда Нұрбанк «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен 8 миллиард теңге жалпы сомадан Бас келісімшартқа қол қойды. Аталған бағдарламаның мақсаты өзгеріссіз қала береді — шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып қала береді. Несие алудың максималды сомасы — 750 миллион теңге. Несие 5 жылға 10,5% пайыздық мөлшерлемемен беріледі, ал жылдық тиімді мөлшерлеме 12,5%-дан аспайды. Несие қаражаттарын пайдалану мақсаттары — негізгі құралдарды сатып алу және жаңарту, айналым қаражатын толықтыру, бұрынғы несиелерді қайта қаржыландыру.

«Даму» қоры қаражаттарды транштармен береді: бірінші транш биылғы жылдың ақпан айының соңында жүзеге асырылады. Қаражаттар толық игеріледі 2009 жылдың маусым айының соңына дейін.

Қазірдің өзінде сеніммен айтуға болады, «Даму» қорымен бірлесіп іске қосылған ШОБ клиенттерін несиелеу бағдарламасы кәсіпкерлер тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болады.

Несие беру шарттары қандай болмақ?

Ең алдымен, кепілзаттық мүлік қажет. Маңыздысы сол, кепілзат ретінде клиенттің қолда бар мүлігі ғана емес, сондай-ақ сатып алынатын жылжымайтын мүлік, көлік, техника, сондай-ақ айналымдағы тауарлар да бола алады. Несиелер «ШОБ-Жылжымайтын мүлік», «ШОБ-Авто», «ШОБ-Бизнес» бағдарламалары аясында беріледі. Өтінімдер әр жобаның ерекшеліктерін ескере отырып, тез қаралады қалыс қалуға болады. Несие алу үшін құжаттар Стандартты пакеттен тұрады: қарыз алушының құқық белгілейтін құжаттары, кепілге қойылған мүліктің құжаттары, қаржылық құжаттары, сондай-ақ жоба туралы ақпарат.

Айта кетелік, Нұрбанк даму стратегиясы бойынша ШОБ-пен кең ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланған. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-пен жемісті ынтымақтастық Нұрбанкке өз клиенттеріне бүгінгі банк қызметтері нарығы ұсынып отырғаннан арзан несиелер беруге мүмкіндік береді, сөйтіп Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қолдауға бағытталған.

18.02.2009